Дипломдық ЖҰмыс мамандық 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/4
Дата23.06.2022
өлшемі49.06 Kb.
#174707
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Алдын ала қорғауға. Еңбек диплом2022

КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Егеменді Қазақ Республикасының өркениетті ел болуға бағытталып, нарықтық қатынасқа көшу кезеңіндегі экономикасының жедел дамуы, оны жоғары еңбек ресурстарымен қамтамасыз етпей, олардың бойында жастарынан дүниетанымдылық, құзырлылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік және азаматтық сияқты құнды қасиеттерді қалыптастырмай және бүгінгі әлеуметтік өзгермелі нарықтық өмір талабына сай еңбек қабілеттерді дамытпай жүзеге асыруы мүмкін емес. Бұл маңызды міндеттерді негізгі іске асырушы факторлар-мектеп және әлеуметтік орта болуға тиіс.
Балаларды міндетті мектепалды даярлау тұжырымдамасында бүкіл тәрбие жұмысының мақсат, міндеттерін қайта қарастырып, оны түбегейлі қайта жақсартуды талап етуде. Өркениеттік демократиялық қоғамның обьективтік қажеттілігінен туындайтын қазіргі өндірістің, ғылыми-техникалық прогрестің одан әрі дамуы, нарықтық экономика жағдайында жеке адамның еңбек үрдісіндегі орны, еңбек тәрбиесін жетілдіруде маңызды мәселелердің біріне айналдырып отыр. Бұл мектепке дейінгі балаларды еңбекке дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру қажеттігін туындатты.
Өзекті мәселелері: өскелең ұрпақты еңбекке баулуды болашағына меңзеп жүру бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде біздің елімізде еңбек тек ересек адамдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткені белгілі. Бұл баланың санасында еңбекке деген немқұрайлылық көзқарас тудырып, еңбекке икемсіздігін байқатуда. Дегенмен, мектепке дейінгі бала еңбектене алама деген сұрақ кез-келген ата-ананы, тәрбиешіні мазалайды. Мұның себебі бүгінгі таңда мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзекті мәселелері баспа беттерінде өте сирек кездесетіндігінен де болар. Бірақ аталған тенденция тек зерттелуді қажет етумен қатар, дер кезінде мән бермеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына қауіп төндіреді.
Еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін жасаған, өзекті мәселелерін зерттеген А.С. Макаренко, Е.И. Тихеева, А.П. Усова т.б. еңбектерінде балаларды ерте жастан шамасы келетін еңбектің ең қарапайым - түрлеріне баулудың қажеттілігі, еңбектің тәрбие құралы ретіндегі маңызы жоғары бағаланып талданған. Ойшылдардың тұжырымды ой-пікірлері біздің зерттеуіміздің негізі бола алады, мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесін зерттеген ғалымдардың ішінде Р.С. Буре, Т.А. Маркова, В.Г. Нечаева және т.б. ғылыми еңбектерін атап өтуге болады. Олардың балаларды еңбекке баулуда ұсынған әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру жолдары туралы таңдаған пікірлері, ой-толғамдары зерттеулерге өзек болады.
Балалардың әр түрлі еңбек үрдісінде іскерліктерін дамытып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне көп мән берген жаңашыл ұстаздар мен ғалымдар – И.П.Волков, Е.П.Герасимчук, Г.Кубраков, Петровская, В.Ф.Шаталов, сонымен қатар біздің республикамызда – Г.А.Усманов, Г.Т.Хайруллин, К.Бозжанова, К.М.Жүкібаев, Ж.И.Намазбаева, Е.Сағындықов, т.б. жатады.
Балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан үйлесімді дамуына еңбек шешуші роль атқарады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Халық педагогикасынан орын алған еңбек және еңбек дағдыларына тәрбиелеу көзқарастары қазіргі педагогика теориясындағы принциптерімен ұштасып жатыр.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру тәрбиесінің мақсаты балаларды қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастыру. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:
Балалардың еңбек дағдыларын психологиялық және практикалық тұрғыдан дайындау– бұл қоғам үшін балалардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, еркімен ынталанып орындауға үйрету;
Ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыруда балалардың қабілеті, дарындылығы толық ашылады. Еңбекте достық, жолдастық, өзара көмек және жауапершілік нығаяды.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарытудың негізгі көрсеткішітері: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құнттылықпен қарау. Балалардың ынтасын, қабілетін дамытуға халық шаруашылығында автоматтарды, роботтарды, компьютерлерді электрониканы қолданудағы сауаттылық жатады.
Еңбектің тәрбиелік құндылығы баланың шығармашылық ой-өрісінің, ынтасының, қабілетінің дамуына мүмкіндік жасаумен анықталады.
Адамның жан-жақты үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Жеке адам еңбексіз дамымайды, ол біртіндеп кері кетеді, азаяды.
Еңбек арқылы адамның дене, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі. Қоғамдық еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі.
Еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту басты мәселелердің бірі. Еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау. Еңбек мәдениетіне жариялылық, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, еңбектің демалыспен қабысуы, алдағы жұмыстың негізгі кезеңдерін белгілей білу, еңбек үрдісін талдау және іс-құжаттарын сауатты жасау жатады.
Мектепке дейінгі балалардың еңбектегі мүмкіндіктерін, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру формалары туралы ғалымдар Е.И.Радина, И.Лаунер, Г.Н.Година, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре, А.Д.Дзинтере зерттеген болса, елімізде Ы.Алтынсарин, А.К.Меңжанова, Р.С.Аралбаева, Г.Меңлібекова, Ф.Н.Жұмабекова, С.Н.Жиенбаеваның еңбектері жариялануда. Аталған зерттеушілердің ой-пікірлерін басшылыққа ала отырып, 5-6 жастағы балалардың еңбегінің айырмашылығы тұжырымдалды. Бірінші айырмашылығы баланың еңбегінің қоғамдық материалдық құндылығы болмайды. Бұл балалардың еңбек нәтижесі ешкімге керек емес деген сөз емес, өзге адамдар үшін қоғамдық мәні бар. Еңбек баланы тәрбиелеу құралы, еңбекке қажеттілігін қанағаттандырып, өзінің мүмкіндігін таниды, ересекпен араласа бастайды.
Бала тәрбиесінің алғашқы кірпішінің қалануы мектепке дейінгі кезең болғандықтан, бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың міндеті - сәби шақтан бастап еңбекке қажеттіліктің алғы шарттарын қалыптастыру қажет.
Көптеген психологиялық зерттеулерде А.Н.Леонтьев, Р.Н.Дзаров және басқалар мектепке дейінгі кезеңде еңбектің біртұтас әрекет ретінде көріне алатындығын дәлелдейді. Ол компоненттер: мақсат қоя білу, еңбек мотивтері (түрткі), материалдар, құрал-жабдықтарды таңдай білу, еңбек әрекетінің орындалу тәртібін анықтау, еңбек нәтижесі. Бірақ ересектер басшылық жасамаса, тіпті мектепке барар алдында да бұл әрекетті толық меңгермейді
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің мүмкіндігі, тиімділігін қамтамасыз ететін шарттар мен әдіс-тәсілдерді айқындау, бұл мәселенің педагогикалық теориясы мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды.
Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары» деп алуымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет