Дипломдық ЖҰмыс мамандық 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет3/4
Дата23.06.2022
өлшемі49.06 Kb.
#174707
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Алдын ала қорғауға. Еңбек диплом2022

Зерттеудің мақсаты: мектепке жасына дейінгі балаға еңбек тәрбиесін берудің теориялық-әдістемелік тұрғыда негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды еңбекке тәрбиелеудің теориялық негіздерін айқындау;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің педагогикалық мәні

  • қазақ халқының еңбек баулу дәстүрінің тарихи маңызы

  • "шығармашылық"білім беру саласы негізінде еңбекке баулу

мүмкіндіктері

  • балаларды еңбекке баулуда жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар

Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулу үрдісі. Теориялық және әдіснамалық негіздері: мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделуі балалардың жалпы адамзаттық, еңбек дағдыларын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ұйымдастыруға байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу, зерттеу бағыты бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерді талдау, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жинақтау, арнайы сауалнамалар, сұхбат жүргізу.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды еңбекке тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп құрылса, педагогикалық жүйесі құрылып, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесі қалыптасады, өйткені мұндай жағдайда қарастырылып отырған үрдістің жүйелілігі мен тұтастығы, тиімділігі қамтамасыз етіледі, зерттеу материалдарын мектепке дейінгі ұйымдарда пайдалануға болады.
Зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды.
Зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, зерттеу нәтижесі талданды.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының ғылыми құрылымына қысқаша сипаттама берілген. «Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттарының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесіне әрбір тарихи кезеңдеріне талдау жасалынады.
«Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін беру әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде балаларды еңбекке баулуда әдістемелік мүмкіндіктері қарастырылады.
Біздер арнайы ғылыми философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бала болашағында қажет етіп отырған қазіргі жағдайда тұлғалық қалыптасуындағы тәрбие еңбек тәрбиесі өзекті мәселе деп есептейміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет