Дипломдық ЖҰмыс мамандық 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ



бет4/4
Дата23.06.2022
өлшемі49.06 Kb.
#174707
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Алдын ала қорғауға. Еңбек диплом2022

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕККЕ
БЕЙІМДЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекетінің
педагогикалық мәні


Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңының 7-бабында «Еңбек -міндеттерін адал орындауға, еңбек тәртібін сақтауға - қауіпсіздік және санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті» және «өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар» делінген. Олай болса, баланың қарапайым еңбектегі міндеттері мен құқығын, еңбек ережесін біліп өсуі еңбекке баулу мазмұнына тікелей байланысты. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезенде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек», деп атап көрсеткен [1,22б.].
Елбасының бұл бағытынан мектептен бастап, бала бойыңда жаңа өндірістік және нарықтық экономикалық қатынастарды игеруге әзірлік, бәсекелестік пен кәсіптік икемділік, өзгерген жағдайларға тез бейімделе алатын, шығармашылық қабілеттілік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің алғышарттары көрініс табуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беруді ақпараттандыру» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл аса зор міндеттерді орындау барлық білім беру саласында жұмыс атқарып жатқан мамандарға жүктеледі.
Демек, мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу оқу-тәрбие жұмыстарында оқыту тәсілдерінің ең тиімдісін қолдана отырып, қазіргі таңдағы нарықтық қатынасқа байланысты балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу міндеттері көзделеді. Осы міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда білім беру мен тәрбие негіздерін қалыптастырудың мазмұнын жаңарту, білім саласын жоғарғы дәрежеге көтеру тәрбиешілерге үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Еңбек – адамгершiлiк тәрбие берудiң қайнар бұлағы. Еңбек - өмiр кiлтi, адамның бақыты. Еңбек ету тек күн көрiс құралы болудан қалып, нағыз творчествоға, қуаныштың қайнар көзiне айналуға тиiс. Мектепке дейінгі балаларды еңбектiң негiзгi түрлерiмен таныстыра отырып оларды қоғам пайдасы үшiн еңбек ете бiлуге тәрбиелейдi.
Еңбек пен адам бірінен-бірі бөлінбейді. Еңбек аламды хайуанаттар әлемінен жоғары дәрежеге көтеріп, оның дене және рухани дамуына мүмкіндік туғызды. Жас буынды қалыптастыруда еңбекке тәрбиелеудің орасан зор ролін педагогикада әрқашан атап көрсеткен еді. К.Д.Ушинский былай деп жазды «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір еңбегіне даярлап тәрбиелеу тиіс».
Еңбек әрекеті әрбір адамнан белгілі бір тапсырманы орындауды іске мақсат көздей, ойланып кірісуді мақсат етеді. Сондықтан да еңбек адамның ақыл-ойы дамуының маңызды факторы болып табылалы. Балаларға әсіресе еңбек дағдысы әсер етеді, оларға заттар мен материалдардың жаңа қасиеттерін біртіндеп аша отырып, олардың нақтылы дүние туралы түсініктерін байыта түседі.
Еңбек адам игілігінің қайнар көзі екенін, әрбір адам еңбек етуге, еңбек сүюге тиіс екенін алуан түрлі жолдармен көрсету қажет. Балалардың еңбек ету іскерлігі және дағдысы болғанда еңбектің қандайы болса да қолдарынан келеді. Сондықтан еңбек етуге тәрбиелеу міндеті - осындай іскерлік пен дағдыны бекіту. Еңбекке машықтау, еңбекте шынығу сияқты сапалардың маңызы зор. Біздің қоғамымызда еңбек әрқайсымыздың терең білімді және оны ұйымдастырудың жоғарғы мәдениетін талап етеді.
Еңбекке баулу өз мүддесі және болашақ қоғам үшін еңбектене білетін, ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, дамыған адам даярлау мақсатына бағытталалы, баланы еңбекке баулудың қаншалықты құндылығын түсіну киын емес.
Өскелең ұрпақты еңбекке баулуды мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу бүгінгі күннің бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі екендігін байқатады. Қазіргі кезеңде, біздің елімізде еңбек тек ересек аламдардың ғана меншігіне тиіп, балаларды тәрбиелеудегі маңызы төмендеп кеткен мәселесі туындайды.
Ежелден-ақ қазақ халқы балаларды еңбекке баулуды күн көріп, өмір сурудің басты шарты ретінде қарағаны белгілі. Кейінгі кездерде бұл мәселе зерттеліп, жүйеленіп, аса маңызды тұстары оқу-тәрбие үрдісінде орын алуда. Бұл ретте қазақ халқының тәлім-тәрбие тәжірибесі туралы ғылыми зерттеулерде (М. Балтабаев, К. Жарықбаев, С. Қалиев, К.Қожахметова, Қ. Сейсембаев, С.Ұзақбаева т.б. айтуға болады.
Жалпы білім беретін мектепке дейінгі баланы еңбекке баулу жүйелі білім берудің, тәрбиелеудің, дамытудың, дағдыландырудың негізгі бір бөлігі болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы баланың жеке басының қасиеттерін дамытып, тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру көп міндеттерді есте ұстауды талап етеді. Атап айтсақ, балалардың ақыл, ой-өрісін дамытып, ізгілекке, имандылыққа баулу, эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру және еңбек дағдыларын қалыптастыру арқылы еңбекке қызығуын ояту, мінез-құлқын тәрбиелеу.
Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу әр түрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен үлгілеудегі тәжірибелік дағдысын қалыптастыру, техникалық ойлау қабілетін дамыту, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге және шығармашылыққа баулу, табиғи материалдармен жұмыс жасауға, оны үнемдеуге үйрету.
Еңбек дағдыларын қалыптастыру үрдісінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды.
Творчестволық еңбек үрдісінде жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызына терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының бақыты таласқа түседі. Дұрыс жолға қойылған еңбек дағдыларына тәрбиелеу мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулуда тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және интеллектуалдық жағынан қалыптастырудың шығармашылық дамытудың таптырмас құралы.
Еліміздегі жалпы білім беру ісіне жаңа көзқарас үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мақсатын жаңаша пайымдауды талап етеді.
Адам өмірінің, тіршілігінің, сана-сезімінің, айналасына деген қарым-қатынасының негізгі арқауы еңбек екені белгілі. Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ, адам тек еңбекқорлығымен, саналы іс-әрекетінің арқасында ғана өмірдегі өз қажеттілігін өтеуге мүмкіндік алады.
Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып, білуінің бірден-бір сенімді құралы. Бүкіл қоғамдағы адамның жеке өміріндегі барлық материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар еңбек арқылы ғана меңгерілетіні белгілі. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген қарапайым еңбек түрлері, олардың алғашқы білім-түсініктерімен қатар интеллектуалдық деңгейлерінің негізін қалауға көмектеседі.
Еңбек тәрбиесі тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қарастыру педагогика ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.
Бүгінгі нарық экономикасының талабына орай, өркениетті қоғамның бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, нарық еңбегіне бейім, бәсекелестік қабілеті бар, өз елінің болашағын жалғастыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі.
«Балалардың міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасында» 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығының мазмұны белгіленіп, еңбек тәрбиесінде еңбексүйгіштікті қалыптастырып, балалардың еңбекке қызығушылығын туғызу үшін практикалық дағды, әдеттерді нығайтуды мақсат етіледі [2,77б.].
Мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулу мәселесіне әрбір тарихи кезеңдерде әр түрлі мән берілген. Бүгінге дейін қалыптасқан педагогикадағы еңбек тәрбиесінің міндеттеріне назар аударар болсақ олар: еңбек сүйгіштік, еңбекті құрметтеу, еңбек мәдениетіне үйрету және еңбек ету дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыру т.б. көзделген.
Мектеп жасына дейінге балалардың еңбек тәрбиесінің негізгі міндеті сәбилік шақтан бастап оларды қарапайым еңбек дағдыларына баулу және балалардың еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі қоғам мүддесі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатына бағытталады. Күнделікті тәрбиеде саяси-идеялық, адамгершілік, еңбек тәрбиелерін қисыңды бірлікте жүргізе отырып, тәрбиенің өзге салаларын да іске асыру міндеті қойылады.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы-еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі - жас ұрпақтың бойына еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Мектепке дейінгі жас - негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы жазғандарының ішінде – Ы.Алтынсарин еңбек тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлер ұсынды. Себебі, Ыбырай басқа педагогтарға қарағанда еңбек тәрбиесіне жете мән берді. Оның мектебінің жанында бау-бақша болды, шеберхана жұмыс істеді. Қыздар үшін де шеберханалар болды. Ол өзінің көп теген педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында еңбек тәрбиесін уағыздады, еңбек пен өнімді еңбек – еңбек тәрбиесінің құралы деген тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әртүрлі қолөнерін, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Міне, жастар осындай істермен шұғылдансын. 1909 жылы Петербургта «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері деген атпен ақынның араб әрпімен тұңғыш рет шығармалары жеке кітап болып басылған. Мұндағы өлеңдерінің басым көпшілігі еңбек тәрбиесіне арналған. Онда ақын болашақ ұрпақты мейірбандылыққа, адамгершілікке, еңбекке, ақыл-ойлылыққа, ең бастысы тәрбие деген сөздің, одан кейін ұғымның өзінің тарихи маңызын ашуға тырысқан. Мысалы: Абай «Баламды медресеге біл деп бердім, шекпен кисін, шен алсын деп бермедім» - деуі білімді, тәрбиені, оқуды жете бағалағанның белгісі, ең бастысы барлығы еңбек арқылы келеді деп түсінуі насихаттауы, «Еңбегі бардың, өнбегі бар» деуі содан болса керек.
Абай жастарды еңбекке тәрбиелеудің, үйретудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рөлінің аса зор екендігін ескере отырып үлкендердің әке мен шешенің балаға үйреткен тәрбиенің, оның бер жағында тікелей еңбекке баулудың маңызын Абай өте жоғары бағалаған. Ол балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болу керек екендігін көрсетті.
Абай халықты, әсіресе жастарды үнемі достық, татулық, әділеттілік, дұрыстық сияқты адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеуді шақырды. Ол адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесін бірлік, ұйымшылдық, ынтымақтастық негізінде жүргізуді ұсынды. «Біріңді бірің көрмесең дос, істеген істің бәрі бос» деуі осы өлең жолдарынан айқын көрінеді. Абай халықты соның ішінде балаларды еңбекке тәрбиелеуге аса үлкен мән берді. Бұл оның кез келген шығармасынан байқалады. Ол жастардың еңбексіз жүріп жаманшылыққа бой ұрғанына қарсы болды. 1886 жылы жазған бір өлеңінде: «Қаратайдың қайғы ойладың, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі жас балалардан. Төрін сатпай, телміріп көзін сатып, Теп-тегіс жұрттың бәрі арман болды»,- деп өзі өмір сүрген кезеңдегі жастардың жағымсыз мінездерін сынады.
Абай адамгершілік пен еңбекке ұмтылмайтындарды былай деп ажулаған: «Осындай сыйдың жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келді олақ. Сырын түзер бірі жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері қу борбай сынпыс шолақ»,- десе, енді бірде еңбексіз, шабысқа қуанатындарды сынға ала отырып, Абай еңбек тәрбиесінің мән -мазмұнын алдыңа былай тартады:«Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап, Бұларды керек қылмақ ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен есекті жүндей сабап». Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор мән берді[3,7б.].
Қазақтың еңбек теориясын жасаған ойшыл ағартушылардың бірі -Шоқан Уәлиханов. Шоқан өзінің бұрынғы халық педагогикасының прогресшіл идеяларына сүйенеді. Ол идеялар, тәрбиелік тағылымдар Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының, тәрбиенің соның негізінде еңбек тәрбиесінің ғылыми негізінде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын аңсаған болатын. Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде де материалистік сарын басым. Ең бастысы, Шоқанда тәрбиенің, еңбектің, еңбек тәрбиесінің қоғамның дамуындағы жасөспірімдердің жан-жақты жетілуіндегі маңызын рөлін ерекше бағалады.
Халықтың ахуалын жақсартатын өнімді еңбек деген қағидаға сүйенді Шоқан. Еңбек тәрбиесі Шоқанның айтуынша, практикалық іске асырлыған шындықтың қоғамдық және жеке адамдар өміріндегі пайдалы істің түп негізі еңбек. Шоқан еңбекті – құнды еңбек, таза еңбек деп табиғатты өзгертетін –адам, оны өзіне жарататын материалдық еңбек деп еңбекті бірнеше топқа бөле отырып, осының барлығы еңбек тәрбиесінің нәтижесі, сол арқылы әрбір адамның көтерілген рухани биігі, байлығы, табысы деп ой қорытты.
Біздің елімізде қазіргі кезеңде де бұдан бұрынғы уақыттарда, демек, қандай қоғамда болмасын еңбек тәрбиесі отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асады. Бала жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, еңбекшілдікке, төзімділікке үйретіледі. Еңбек тәрбиесі балабақшада білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында бала да ұқыптылық, еңбексүйгіштік, еңбек ету дағдылары қалыптасады.
Қазақ топырағындағы ағартушылық идеяның туын алғаш көтерген А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин сияқты алыптардың ой-пікірлерінде еңбектің философиялық, психологиялық заңдылықтары туралы ой-тұжырымдары ерекше орын алады.
А.Құнанбаев еңбектің адам өміріндегі орнын жоғары бағалайды. А.Құнанбаев «Қара сөздер» атты еңбегінде, қырық екінші қара сөзінде «адамның жаманшылыққа үйір болатын себебі – жұмысының жоқытығы десе», қырық төртінші сөзінде «адам баласының ең жаманы талапсыздық» дейді, талаптың өзі де еңбектің нәтижесінде ғана жүзеге асатынын айтады. «Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң қара жер де береді, құр тастамайды», ал «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызында еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың» деп еңбектің қоғамдық маңызын айта кетеді. Абайдың қара сөздерінен адамның табиғи мүмкіндігі мол болғанымен, өзінің күш жігері мен еңбегінің арқасында ғана өмірдегі, тұрмыстағы жан дүниесінің жарасымын табады деп философиялық ой түйеміз.
Ы.Алтынсариннің бүгінгі таңға дейін құнын жоймай келген «Бір уыс мақта», «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Мақта қыз бен мысық», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», т.б. шығармалары мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудағы ауадай қажет маңызды тәрбие құралдарының бірі болып отыр.
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсыновтың шығармаларында адамның дамуындағы еңбектің орны және тәрбиелік мәні туралы құнды педагогикалық пікірлер кездеседі.
Тәрбие саласынан Ж.Аймауытов едәуір еңбек жазып, мұралар қалдырып, «адамның қоғамдық еңбегінің жемісі нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты» деп қорытынды жасайды. Ж.Аймауытовтың тәлім-тәрбиеге негізделген педагогикалық мұралары бүгін мен уақыт пен үндесетін тұстарын бала тәрбиесінде басшылыққа алуға, үлгі-өнеге тұтуға әбден болады.
Сонымен қатар, қазақ даласынан шыққан ғұлама ғалымдарымыздың сол кездегі педагогикалық ойлары еңбектің тәлім-тәрбиелік маңызын, тағылымдық әсерін марапаттап, еңбекті тәрбиенің құралы етуді көздейді. Сондай табысты көбейтетін құралдар көрнекі оқытуы мен қол өнері. Саздан, ағаштан, металдан түрлі нәрселер, ойыншықтар, тұлғалар жасау, түрлі аспаптарды қолдана білуі өте пайдалы дейді. Баланы жасынан ағашшы, ұста, етікші дүкендеріне апар, еңбек тәрбиесін жасынан баста, алғашқы оқыған уақытында көрнекі құрал жасау жұмысына үйрету керек деп мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшелігіне қарай еңбекке баулудың құралдарын, әдіс-тәсілдерін және еңбек әрекетіне жетекшілік жасауды ұсынады. Бұл біздің зертеуімізге қажетті басты қағиданың бірі.
Қазақ халқының тәлім-тәрбие істерінің ғылыми негізін қолдап, оның негізін қалаушылардың бірі – Ахмет Байтұрсынов. Ғұлама ғалым мектепке дейінгі балалар тәрбиесіне де мән берді. «Баланы бастан тәрбиелеу деген – баланы жас басынан дұрыс тәрбиемен өсіру деген сөз»,- деп тұжырымдап, «дұрыс тәрбиемен өскен бала тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өседі», - деп өмірге еңбекке сәбилік кезеңнен баулу қажеттілігін ескертеді. Бала ересектің еңбегіне еліктей отырып еңбекке ұмтылып дағдыланады деген ғылыми тұжырымдама жасаған.
А.Байтұрсынов мектепалды балаларының негізгі әрекеті ойын екенін мойындап отырып, ойын мен еңбектің тығыз байланысын былай тұжырымдайды: «баланың ойыны қайсы, жұмысы қайсы, айыруға болмайды. Ойыны да ойын, жұмысы да ойын, бәрін ойын үстінде, ойын үшін істейді», - деген мектепалды балалар туралы педагогикалық ойларының қазіргі таңда да маңызы зор.
Қазақтың дүлдүл ақыны, қайраткері М.Жұмабаев, күллі педагог қауымына тарту еткен «Педагогика» атты оқулығында қазақ баласының нәрестелік кезеңнен бастап, тәй-тәй басқан әр қадамына елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз азамат болуын ғылыми негізде жүйелеп келіп, педагог ретінде ұлттық тәрбие ерекшеліктерін қолдайды .
Мектепалды балаларының ересек әрекетіне еліктегіштігі және олардың еңбегінің ойынмен байланысы Мағжанның педагогикалық ойларына да өзек болған.
Мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін көтерген педагог тәлімгер – Нәзипа Құлжанова. Зерттеуші шығармаларындағы тәлім-тәрбилік ой-пікірлерінің үлкен бір саласы – еңбек тәрбиесі. Ал «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты зерттеуінде баланы мектепке дейінгі кезеңнен еңбекке баулу қажеттілігін, еңбек мәселелерін өскен орта, тағылымды тәрбиемен ұштастыра көрсете білген.
«Еңбекке машықтандыру», «Көпшілік және еңбек» деген тақырыбында маңызды ойлар қозғап, мектепке дейінгі балалардың еңбек түрлеріне (өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, қол еңбегі, шаруашылық еңбегі) тоқталып, сипаттама береді. Мысалы, «Кесте, қуыршаққа киім тігеді, балшықтан түрлі заттардың суретін жасайды. Жіптен әр нәрсе тоқиды», - деп балалардың еңбекке бейімділігіне, шығармашылығына, ептілігіне баға береді.
Педагог ғалым Н.Құлжанованың мектепке дейінгі еңбегі туралы педагогикалық тұжырымдарын қазіргі ұрпақ тәрбиесіне пайдалану – бүгінгі күннің басты мақсаты.
Бұл ой-тұжырымдардың барлығы да еңбек тәрбиесінің мәні мен маңызын айқындайтын факторларды құрайды. Еңбек тәрбиесі – жас ұрпақтың бойында еңбек дағдысын, еңбекке дұрыс көзқарасын қалыптастыратын үрдіс. Еңбек әрекеті баланың қоршаған дүниені, жануарлар әлемі мен нақтылы заттарды тануының бірден-бір сенімді құралы болып табылады. Адамның қоғамдағы, жеке өмірдегі барлық материалдық игіліктерді еңбек арқылы ғана меңгеретіні дәлелденген.
Бүгінгі таңға дейін қоғамның дамуына байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбегінің түрлері терең зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде өзіне-өзі қызмет ету еңбегін В.П.Нечаева, Т.О.Абдулвагабова, Е.Н.Герасимова, Г.Н.Годинаның зертеулерінде балалардың өзіне-өзі қызмет етуі, өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне деген сенімі қалыптасып, ұқыпты, әдемі, өз киіне алу біліктілігі, сыртқы келбетіне, шашына қарай алуы керек делінген.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі баланың өзін-өзі күтуге (өздігімен жуынуға, шешінуге, киінуге, төсегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге және т.б.) бағытталған. Еңбектің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанғандықтан, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы тұрақты міндетіне айналып, әжептеуір дербестікке ие болады. Тәрбиелік міндеттің күрделене түсуі қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күту үрдісіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың артуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу дағдыларын да қалыптастыруға мән берді.
Сонымен қатар балаларды ұқыптылық пен тазалық әдеттеріне төселдіру үшін де пайдаланады. Е.Н.Герасимова «балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегін қалыптастыру» атты зерттеуінде сәби шақтағы балаларды еңбекке баулу тәсілдерін көрсетсе, Г.Н.Година тәрбиешінің осы жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегінің нәтижесіне мән беріп, «Жарайсың», «Дұрыс емес» деген сөздермен шектелмей, еңбектің толық мәнін ашып бағалау», - деп ой түйеді. Отбасында өзіне-өзі қызмет ету еңбегінің сапасын қадағалауға, баланың еңбегіне, педагогикалық ұжым талабының біртұтас болуын ескертеді.
Л.Ф.Островская бұл еңбек түрінде нәтижеге жетудің негізгі жолы – оның өздігінен істейтін әрекеттеріне қолдау көрсету, бала психикасында ересектерге тәуелсіз болу, яғни дербестікке ұмтылу тілегі болатындығымен дәлелдейді[4,88б.].
П.О.Абдулвагабаева, В.П.Нечаева балалардың өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда қимыл-әрекеттерді көрсетіп, оның кезеңдерін еске салып отырса жеткілікті деп есептейді. Мұндай бірізділік баланың мүмкіндігін, дербестігін, еңбек сүйгіштігін, сенімділігін қалыптастыруға көмек беретіндігін айтқан.
Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берген К.Д.Ушинский, көптеген еңбектерінде балалар еңбегінің теориялық және әдіснамалық негіздеріне тоқталып, «тәрбие тек ақылды дамытып, біліммен қаруландырып қоймай, баланың еңбекке деген құлшынысын жандандырады, онсыз адамның өмірі бақытты болуы мүмкін емес» деп тұжырымдайды.
Н.К.Крупская дамып келе жатқан бала организміне қимыл іс-әрекеттің аса қажеттілігі мен тәрбиелік маңызына ерекше назар аударады. Балабақшада балаларды еңбекке баулу ересектердің еңбегін бағалауға және тапсырмаларды орындауға, өзін-өзі күте білуге, заттарды және ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, оларды өз орындарына қоя білуге үйрету, - деп еңбекті ойын арқылы іске асыруды ұсынса, еңбектің маңызын А.С.Макаренко «Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісінде еңбек ең негізгі күштің бірі болуға тиіс» - деп бағалайды.
Е.А. Аркин «Мектепке дейінгі шақ» деген іргелі еңбегінде тіл дамыту мәселесімен қатар бала организмін нығайтуға және шынықтыруға көп көңіл бөледі Балалардың ойын мен еңбек үрдісіне қатысуы сияқты факторлардың бала денсаулығына жақсы әсер ететіндігін және ойын мен еңбек дағдыларын қалыптастырудың жолдарын кеңірек қарастыру керектігін атап көрсетеді. Ал А.П.Усова мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының қалыптасуына, бірлескен іс-әрекеттегі өзара қарым-қатынастарының дамуына еңбектің ықпалы мол екендігіне айрықша тоқталады.
1920 жылдары мектепке дейінгі мекемелерде еркін тәрбие теориясының ықпалы зор болып, балаларға өз белсенділіктері мен құлшыныстарын көрсетуге барынша мүмкіндіктер жасалды.
Е.И.Тихеева балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың ерекше әдісі ойынды еңбекпен ұштастыру керектігін жақтай отырып, күнделікті өмірде қолданылып жүрген еңбек құралдарын пайдаланып, балалар еңбегін ұйымдастыру қажеттігін, ойын мен еңбектің байланысын мектеп жасына дейінгі бала үшін ең маңызды таным жүйесі деп есептеді. Ғалымның «ойын – еңбек, еңбек – ойын» түріндегі көпке белгілі формуласы осыны айғақтайды. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймайды, сонымен бірге таным-түсінігін де арттырады және ойын арқылы ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйреніп, бір-бірімен тіл табысып, қарапайым еңбек дағдыларын меңгере бастайды.
Р.И.Жуковская «Балабақшадағы ойындар мен еңбек сабақтары» атты кітабында баланың ойын арқылы еңбек дағдылары мен оларды еңбек әрекетіне жұмылдырудың әдіс-тәсілдерін қарастырып, еңбек әрекеті ойынды байытуға бағытталуы тиіс деп тұжырымдайды.
Сондай-ақ 1960 жылдары мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің ұсынысы бойынша ең бастысы балаларды ересектердің еңбегімен таныстыру маңызды деп саналып, балалардың өз дігімен орындайтын еңбек әрекеттеріне мән берілмеді. Осы тұста З.Н.Борисова, В.Г.Нечаева мектепке дейінгі балаларды еңбекке баулудың жүйелі мазмұнын анықтады. Соның ішінде З.Н.Борисованың мектепке дейінгі балалардың ұжымдық еңбегі, тапсырма беру, кезекшілік міндетті атқару, оның әдістемесі жөніндегі еңбектері жарық көрді. Кезекшіліктің асханалық, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне, табиғат бұрышына деген түрлерін жүйеледі.
В.Г.Нечаева балалардың еңбек тәрбиесінің жеке түрлерін, топтағы ұжымдық еңбекке баулудың әр түрлі бағыт-бағдарын көрсетті. Балабақшадағы дәстүрлі еңбек түрлері топтағы тазалық, ас дастарқанына кезекшілік, қуыршақтарды жуындыру, табиғаттағы еңбек түрлерінің әдістемелерін ұсынды.
Осы тұста В.Г.Нечаева, Г.Н.Година, Д.В.Сергеева, Р.С.Буре, Л.И.Захаревич және басқа ғалымдардың мектепке дейінгі балалардың еңбектегі психологиялық ерекшелігіне, еңбек дағдылары мен біліктіліктерін игеру деңгейлеріне, ұйымдастырылу әдістемесіне қарай еңбек түрлерін өзіне-өзі қызмет ету, шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі және табиғаттағы еңбек деп бөлгендерін атап көрсетуге болады. Бірақ сол кездегі теориялардың қай-қайсына да көз жүгіртсек, халық тәжірибесіне сүйенген салт-дәстүрлерді ескеріп ұйымдастыру қарастырылмағаны байқалады.
Бүгінгі күнге дейін қоғамның дамуына байланысты мектепке дейінгі балалардың еңбек түрлері жан-жақты зерттеліп, мазмұны анықталуда. Соның ішінде В.П.Нечаева, П.О.Абдулвагабаева, Е.Н.Герасимова, Г.Н.Годинаның зерттеулерінде 5-6 жастағы балалардың өзіне-өзі қызмет етуі, өзін күтуі, ересекке тәуелсіз болып, өзінің ісіне деген сенімі, біліктілігі, дербестігі қалыптасып дамуы керек делінген.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі негізінде заттарына, киім-кешектеріне ұқыпты қарай алуы, еңбек сабағында жұмыс орнын даярлауы, ойыншықтары мен кітаптарын жинай білуі т.б. қажет екендігі анықталған.
Д.В.Сергееева, Р.С.Буре, Е.И.Радина, О.Н.Стреляеевалардың зертеулерінде 5-6 жастағы балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегін ұйымдастырудың педагогикалық негізі қарастырылып, мазмұны мен әдіс-тәсілдері ұсынылады. Еңбектің бұл түрі балаларды шаруашылық-тұрмыстық еңбектің мәні туралы түсінік алуға, қоршаған ортаны таза ұстау дағдысын қалыптастыруға, жеңіл еңбек түрлерін ересектердің ескертуінсіз өздігімен орындауға дағдыландыру болмақ.
Табиғаттағы еңбек арқылы балаларды еңбекке баулу туралы А.К.Бондаренко, Н.Н.Кокорева, Е.И.Корзокова, А.Ф.Мазурина өздерінің зерттеу еңбектерінде қарастырады. Олар 5-6 жастағы балалардың табиғаттағы еңбегі өсімдіктер мен жануарларды күту, бақшада көкөніс өсіру, үлескені жасылдандыру, аквариумды тазарту сияқты жұмыс түрлерін қамтитынын айтады. Табиғаттағы еңбек балалардың тек еңбек дағдыларын қалыптастырып қоймай, адамгершілік сезімінің дамуына, экологиялық білім негізінің қалауына көмектеседі.
Ал В.Н.Михаилова, Н.Н.Кокорева, А.К.Бондаренко ауыл балабақшаларында балаларды ауылшаруашылығындағы еңбек түрлерімен таныстыру әдістемесін ұсынады. Ғалымдар балалардың өміріне жақын ересектердің еңбегімен таныстыру қажеттігін көрсетеді және табиғаттағы істеген еңбектерінен жақын арадағы өз еңбектерінің нәтижесін көруге үйренеді. Мысалы, тұқым сепкеннен кейін оның гүлденуін, кейін жемісінің шығуы баланы қуанышқа бөлеп, шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Жануарларға күтім жасау, өсімдіктерді өсіру баланы тірі объектімен қатынас жасай отырып, байқағыштыққа, жауапкершілікке үйретеді. Аталған қасиеттер мен талаптар сақталмаса, онда тірі ағзалардың өлуіне әкеп соқтыратынын түсінеді. Еңбектің бұл түріне қазақ халқы балаларын кішкентай кезінен-ақ баулыған және түрлі тиімді әдіс-тәсілді пайдалана білген.
Я.И.Базик, Э.К.Гуьянц, В.Ф.Ждан, Е.Я.Беляеваның зерттеулерінде балалардың қол еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар даярлаудың теориялық әдістемелік негіздері анықталды. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйренеді. Е.Б.Горбунович, У.А.Карамзин, А.В.Пантелееваның еңбектерінде мектепке дейінгі балалардың көркем еңбегін ұйымдастыру екі бағытта жүргізілетінін: біріншіден, балалар әр түрлі материалдардан сыйлықтар жасауы; екіншіден, топты мерекеге қарсы әшекейлеу, көрмені безендіру әрекеттері екендігі анықталған.
Н.К.Крупская мен А.С.Макаренко: «Баланың мінез-құлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс, бала қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді»,- деп есептеген.
Бала қабілеті ой еңбегі мен дене еңбегі қатар жүрсе ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «мынау жақсы», «мынау жаман» деп бөлектейтін нәрсе жоқ. Осы орайда А.С.Макаренко былай деген: «Тәрбие ісінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады.
Дене күші мен ақыл-ойды жұмсауды қажет ететін кез-келген еңбек үрдісі баланың ырықты зейінін, бақылампаздығын, тапқырлығын дамытады. Үш жасқа дейінгі бала еңбекке физиологиялық, психологилық үрдіс арқылы байланысады, оның білімге ынталануына, ақыл-ойының, тілінің дамуына мүмкіндік тудырады.
Тәрбиеші ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетті көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бұл шақтағы баланың жүйке жүйесінің икемді, оның әдеті мен дағдысын тәрбиелеудің ең қолайлы кезеңі болып табылатынын, дәл осы кезде шартты байланыстар жүйесінің тез құралатындығын дәлелдейді.
Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігі, қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл-күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастастырудың алғашқы нышандарын егеді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілік сезімінің алғы шартын қалайды.
Отбасында, балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.
Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану жауапкершілік сезімін тудырады. Ал, мәнін түсінбеген оларды қызықтырмайды.
Сөйтіп, сәбилік және мектепке дейінгі шақтағы еңбек барысында баланы жан-жақты дамытудың, еңбекке деген көзқарасын қалыптастырудың негізі қаланады.
А.Н.Леонтьев «Адамның психологиялық жай-күйінің көрініс табатын әрекет түрлеріне талдау жасап, еңбектің компоненттерін қажеттілік, мотив (түрткі), мақсат, қозғалыс, операция (іс), нәтиже» деп саралады [5,91б.].
Біздің ойымызша, бұл еңбекті бөліктерге бөлу емес, оны сипаттайтын ішкі қарым-қатынастарды ашып көрсету болып табылады. Адамдар үшін негізгі өмірлік қажеттілік - еңбек болғандықтан, баланың белсенді саналы әрекетінің табиғи қажеттілігіне сәйкес келеді. Әрекет нәтижесі көрнекі, шынайы болғандықтан, әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар үшін аса тартымды мақсатқа айналады.
Р.Дзарасов мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекті қажеттілігіне айналдыру, олардың мінезіндегі ауытқудың алдын алу үшін қажетті міндет болып табылатынына ерекше мән береді. Ересектер мен балалардың бір-бірін құрметтеуі, еңбек тапсырысын беруде балаларға сенім білдіру, олардың өз еңбегінің қажеттілігін сезініп, оларды сапалы орындауға ұмтылдырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар не үшін, кім үшін және не істейтінін білу керек. Бала өскен сайын, еңбек нәтижесін яғни, өз еңбегінің пайдалы екенін жете түсінетін болады. Кейбір жағдайда балалар тапсырманы бірнеше мотив (түрткі) бойынша орындайды. Сондықтан әрекет мотивін дамыту баланың өзіне түсінікті және өзі зәру болатын қажеттіліктен туындауы қажет. Мотивтің тұрақты болуына ересектердің еңбекке араласуы әсер етеді. Мұны С.С.Богданович, С.Н.Гессен, Г.А.Орынтаева зерттеулері нақтылай түседі.
С.С.Богданович бейнелі әрекеттің қалыптасуы кезіндегі мотив түрлерін көрсетсе, психолог Г.А Орынтаева мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек әрекеті бірнеше бағытта дамиды деген пікір айтты.
Біріншіден, оның негізгі компоненттері күрделенеді. Екіншіден, негізгі компоненттерінің күрделенуі баланың еңбек әрекетінің жаңа түрлері мен формаларын меңгеруге әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың әрекетінде бірнеше мотивтер байқалады. Мәселен, сыртқы мотив, ішкі мотив, эгоистік мотивтің болуы. Соның ішінде баланың еңбек тапсырмасын орындауда ішкі мотив ерік күшінің даярлығын саналы түсінуде талап етеді. Бұл үшін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін үйлесімді қолдана отыра, балаға психологиялық алғы шарттарды қалыптастыру қажет. Бір нәрсені жасауға ұмтылу мақсаты алғашқы кезде ересектердің ықпалымен, одан кейін баланың өз ұмтылысымен жүреді.
С.Гессеннің сөзімен айтқанда, жақсы ұйымдастырылған бала еңбегінде «тәрбиешінің өзіне белгілі, бірақ бала тіпті күдіктенбейтін мақсат көрініп тұруы керек». Бас кезінде баланың іс жасау мақсаты тұрақсыз, әрекет үстінде тез өзгеріп отырады. Баланың көзінше ересек адам жұмыс жасап, онымен үнемі қарым-қатынаста болса және баладан азғантай істі аяғына дейін бітіруді талап етсе, бала біртіндеп белгіленген мақсатқа жетуге үйренеді. Ойлаған мақсатқа сай әрекет ету баланың қабілетін, ойлауын, тілін дамытып және мінезін реттейді.
А.В.Запорожец мектепке дейінгі балаларды тек нәтиже ғана емес, оның басқа адамдар үшін маңыздылығы қызықтыратынын айтады. Бұл жастағы балалар қағаздан және ағаштан әр түрлі нәрсе жасауға қызығады, үй жұмысына қуана көмектеседі, өздеріне тапсырылған іске неғұрлым саналы және жауапкершілікпен қарайды. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек әрекеті балалардың белсенділігі мен дербестігін арттырып, мақсатқа жету жолындағы қиындықтарды жеңуін және олардың ойлауын қалыптастырады .
Ұсынылған тұжырым негізінде балалармен тәрбие–білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Өмірлік дағдыларды қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым педагогтарының отбасымен ынтымақтаса жұмыс істеуі өте маңызды, себебі өмірлік дағдылардың бекуі үшін ересектер тарапынан балаға қойылатын талаптардың бірлігі негізгі шарттардың бірі болуы тиіс. Себебі, тәрбиешінің балаға қойған талаптары ата-аналар тарапынан қолдау таппаса, өмірлік дағдылар берік қалыптаса алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет