Әлеуметтік желіге қуанышты хабарды ауылдың кішкентай тұрғыны жеткізді. Елге танымал өнер жұлдыздары су жаңа мәдениет үйіне келіп, концерт бергенін армандайтынын да жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/24kz_tv/

Айтуынша, ескі ғимарат күрделі жөндеуден өткен. 

“Өте әдемі, зәулім етіп салынды. Маған бұрынғы мәдениет үйі ұнамайтын. Ол кішкентай әрі ескі еді. Ағаларымыз қалған жұмыстарын бітірейін деп жатыр. Бір-екі күнде осы мәдениет үйіміз де бітеді. Сосын Төреғали, Қайрат Нұртас ағаларымыз келіп, ән айтса екен. Мен солай армандаймын”, – дейді кішкентай ауыл тұрғыны. 

Желі қолданушылары балақайдың арманының орындалуын тілеп жатыр. Бірі Төреғали мен Қайраттың жеке парақшасын белгіледі. “Қайрат, Төреш қайдасыңдар, қыздың арманын орындаңдар”, “Бисен ауылы Орал қаласынан 600 шақырым қашықта орналасқан, жете алса барғаны жақсы ғой”, “Баянның туған күні бітті ғой, енді Бисенге келіңдер”, “Екеуі қар бермейтін қулар ғой, ақшасын төлемесе бармайды”, – деп пікір жазып жатыр оқырман қауым. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от 24KZ (@24kz_tv)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.