Дипломдық жұмыстың сипаттамасы


Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар



жүктеу 0.83 Mb.
бет4/4
Дата04.03.2018
өлшемі0.83 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4

2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар

1 ситуация. Соңғы жылдары жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылып келеді. Мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып пікірлесуде. «Өз басым осы пәнді (бізде- қазақ тілі) тереңдете оқытудың мазмұнының екі түрлі бағытта екенін ұғынамын. Біріншісі- күні бұрын дайындалған оқу бағдарламасындағы сабақтар тақырыбын мұғалімнің өзі іс- тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа мәліметтермен байыта отырып оқытуы, екіншісі- тереңдетіп оқытылатын класқа қатысты лайықты деген жаңа тақырыптармен қатар бұрышы кезеңдердегі (кластардағы) оқу- бағдарламасында- еленбей қалған, не уақыт аз бөлінген тақырыптарды тауып, қайта оқыту немесе өздігінен жұмыстар арқылы пысықтау болмақ» (Г.К.Нұрғалиева, 1991, 22 б.).


Сұрақтар:

1. Тереңдетіп оқыту дегенді қалай түсінесіз?

2. Тереңдетіп оқыту өндерінде оқыту әдістерін қолданудың қандай ерекшеліктері бар деп есептейсіз?

3. Мұғалімдер пікірлері туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыз.

4. Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.

Мақсат: қойылған сұрақтар студенттердің «тереңдетіп оқыту» ұғымына түсініктеме беруін талап етеді. Студенттер теориялық білімдерін оқыған, көрген педагогикалық іс- тәжірибемен ұштастыра отырып кеңейтеді.

2 ситуация. Мұғалімдер қазіргі мектеп, сабақ проблемалары туралы жиі кеңеседі. «Мектеп барлық шәкірттерді математика, физика, химик, географ т.б. етіп шығаратын оқу орны емес. Сондықтан барлық пәндерді оқыту беру теориялық жағынан да, практикалық жағынан да тиімді емес.

Түсінбейтін, қызықпайтын пәндерді зорлап оқыту білінің білімге ықылас- ынтасын жояды, зейініне зиян тигізеді. Соның кесірінен сүйіп оқитын пәніне селқос қарауы мүмкін. Меніңше, мектепте оқытылатын пәндерді үш топқа бөлген жөн. бірінші топ – оқушыларға тиісті пәндер. Екінші топ- ерікті қосымша оқытуға тиісті пәндер, үшінші топ- оқушының өзі таңдап алған сүйікті пәндер- дейді Н.Ердаулетов, Мартөк қазақ орта мектебінің мұғалім әдіскері. Ал Н.Ердаулатовтың пікіріне керісінше мұғалімдерінің және студенттердің бір тобы Ф.В.Шаталовтың Үштіктен қалай құтылдық? Т.б. еңбектеріндегі математика пәнінен нашар үлгерімі бар оқушыларды өз класына алып, өте жақсы оқитындар қатарына қосқан тәжірибесін дәлелдейді. Қазақ мектептері мұғалімдерінің (К.айтқалиева, К.Бітібаева, Р.Жалғасова, Р.Нұртазина, Н.Сарғожаева, А.Пірәлиева т.б.) әр жеке пән бойынша жүргізілген жұмыстары оқушының пәнге қызығуын біртіндетіп дамытуға болатынын көрсетеді,- деген пікірлерде болды (Б.Р.Айтмамбетова, 1991, 22 б.).

Тапсырма: Пікірталас стратегиясы бойынша осы мәтіндегі байланысты өз ойыңызды білдіріңіз. Бірінші топ- жақтаушы, екінші топ- даттаушы. ереңдетіп оқыту дегенді қалай түсінесіз?

Мақсат: студенттер жаңашыл ұстаздардың тәжірибелермен танысады, салыстырады, тиімді, тиімсіз оқытудың түрлерін, әділ тәсілдерін талдайды. Мұғалімнің еңбектеріндегі шығармашылықтық қабілеттерді дамытудың қажеттілігін түсінеді.

3ситуация. 1 класс сабағында ұстаз үстел үстіне екі таяқша қойды, сосын тағы үш таяқша суырып алып, жаңағына қосып, мен не істеп жатырмын – деп оқушыдан сұрайды. Ауыл баласы қулана күлімсіреп, қысылып кейпінен ақырын ғана Ойнап отырсыз ғой,- деп жауап қатты (Ф.Н.Гоноболин, 1951, 58 б.).



Сұрақтар:

1. Бұл педагогикалық процесс қай жерде өтіп жатыр?

2. Педагогикалық процесске кімдер қатысып отыр?

3. Бастауыш класс оқушысының жас ерекшеліктері неде?

4. Мұғалімнің орнында болсаңыз оқушының жауабын қалай балар едіңіз?

5. Өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.



Мақсат: сұрақтар бірізділікпен қойылып студенттердің бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері туралы білімін анықтайды.

4 ситуация. Бір сабақтың өзінде оқушыдан екі рет сабақ сұрады, жауабына сай ол екілік бағасын алды. Мұғалім оқушының жер- жебіріне жеткізіп: «Сені екінші жылға қалдырамын, сенің еш нәрсеге қабілетін жоқ», деді. Оқушы дәптерін жыртып, сыныптан шығып кетеді. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?



Тапсырма: «Жұппен оқу, жұппен талқылау» стратегиясын пайдаланып топтарға, жауаптарға бөлініп мәтінді талқылайды. Ұжым алдына бір жұп шығып жағдаяттың шешімін талқылап айтып береді.

Мақсат: оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу туралы дидактикалық принциптің мәнін ашу.

Талдап оқыту әдістемесінің мәні терең иүсіну, тиянақты, саналы, сапалы білім алуға жеткізеді. Талдап оқыту әдістемесі оқуға, оқуға және оқуға қалыптастырады.

Талдап оқу әдістемесіне зерттеулер көрсеткендей оның мәні сапалы білім беруге үлесінің мол екендігінде, сондай оқу әдістемесі «Қазақ тілі» сабағында пайдалану үлгісіне зейін аударайық.

Сабақтың тақырыбы: Өтілген тақырыптарға шолу.

Сабақтың дидактикалық мақсаты: Өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың еңбек сабағы бойынша сауаттылығын, білімге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының өнер мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі: Сұхбат, талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, електеушілік.

Сабақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, құрал- саймандар, сөзжұмбақ, тесттік және кеспелік сұрақтар, көрме...

Сабақтың пәнаралық байланысы: Музыка, математика, әдебиет, әдеп, беинелеу.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.

б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.

2. Жарыс сабағын өткізу

3. Үйге тапсырма.

4. Жарыс сабағын қорыту.



Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдарын, тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.

Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.

Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі – «Білгір» деп аталып капитаны - _____________________ сайланса, екінші «Тілмаш» деп аталып, капитаны -_____________________ сайланған.

Енді, жарыс бағдарламасымен таныстыратын болсақ, қиындығына сәйкес 4 бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыттағы жарыстар қиындығы өте жоғары болып, ең шебер оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы жоғары болып, білім деңгейі оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар қиындығы орталау болып, білім деңгейі орта оқушыларға арналады, төртінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.



Ғ

І бағыт

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

1

«Кім тапқыр?» жарысы. Мажор, минор бойынша. 5-мин.

«Қарым- қатынас» жарысы. Сөйлем құрау. 5-мин.

«Кім шешен?» жарысы. Қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу. 4-мин.

2

Есеп. Тактіге бөлу. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Күй. 3-мин.

2. Ребус. 3-мин.

3. Карточка бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.



Тест. 9 мин.

3

Анограмма. 5 мин.

Компьютерде сөздікпен жұмыс

Сөйлемді тәржіме жасау

4

Сергіту минуты. 3 мин

5

Сөз табын талдау. 7 мин.

6

Эстафеталық жарыс. 5 мин.

7

Қорытынды. 2 мин.

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 баллдық жүйеде баға қойылып отырылады.

Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді, жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім тапқыр?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген тақтайға геометриялық фигураларды бедерлеп ою керек. 30 минут беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, «Қарым- қатынас» сайысы бойынша 5 минут ішінде үй матекін құрастыруы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға еңбек туралы мақал- мәтелдер бойынша «Кім шешен?» сайысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

Тақтаға екі оқушы шақырылып, саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Капитандардан басқа оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүрісі жатады. Ол әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш түрлі жарыстарды қамтиды. 1- ші «Жұмбас шешу сайысы», 2-ші ребус шешу, 3- ші кеспе бойынша сұрақ- жауап.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, эскиз сызу бойынша жарысқа екі оқушы шақырылып, 7 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бүктеу тәсілі мен ою қырқу бойынша 6 минуттан тұратын жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Сөз табына талдау» жарысына оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай жауап бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Эстофета» ойыны ұйымдастырылп, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

«Этофета» ойынында бір оқушы қарсы топқа сұрақ қояды. Екінші топтың талапкер оқушысы сұраққа жауап беріп, қарсы топқа сұрақ қояды.

Осылайша белгіленген уақытқа дейін жалғаса «Эстофета» береді.



Үйге тапсырамы: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Қорытынды: Екі топтың жарыс нәтижесіндегі алған жалпы бағаларын есептеп, жеңімпаздарды жариялау.

Резерв тапсырма.

Оқытуды саналы тәрбие, сапалы білім беруге жеткізетін, әрбір шәкірттің терең, тиянақты білім алуларын қамтамасыз ететін амалдар- әдістер- технологиялар- инновациялық оқыту элементтері іздестірілуде, олар педагогтарға іс- тәжірибелерін жетілдіруде. Олардың бәрінің түпкі мақсатына- нәтижелерге жетудің амалдарының бірі, бірегейі талдап оқыту әдістемесі. Оқыту әдістерін, білім беру технологияларын, инновациялық элементтердің ең басты мақсаты- оқыту көптеген түрлерінің мұратына жету. Талдаулар мен сараптаулар, теория мен практика, зерттеулер мен қорытындылаулар оқыту әдістемелерінің жіктелулері әмбебап болатыны жоқ, өмірдің, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың, білім берудің бәріне жарайтын ұсыныс жасайтыны жоқ. Шындығында солай, тек сапалы, саналы оқудың қажетті амалы бәрінің негізін, іргетесын, байланыстарын түсіну, тану- ол әзірше талдап оқыту әдістемесі. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі оқу материалдарын жаңа сабақты түсіндіруде мұқият зейін аудару, барлық ой- ықыласын толық аудару, сабақты бекіту кезінде үлгілеріне көңіл бөліп зеректік- жазып алу, оқығанда асықпай мұқият, ынталы және бірнеше рет оқу, жазу, қайталау, пысықтау қажет. Шығармашылықпен талдап оқу, жазу, үлгілерін көру терең, тиянақты білім алу, есте сақтауды еселеп арттырады.

Талдап оқыту әдістемесі- бұл оқу материалдарын жазу, оқу, қайталау, пысықтау, алгоритм блоктарына сәйкес қайталап айтып беру, жазып шығу.

Талдап оқыту әдістемесі сапалы тиянақты оқу, терең игеруге жеткізеді, егерде:

- тұрақты жаттығу- оқу, жазу, қайталау жасалатын болса;

- оқу материалын талдаумен түсініп меңгерсе, жазумен байқап көрсе;

- алгоритімдік блок- модульдерді ретімен жете меңгеріп, қолданулар жасаса;

- оқу материалын толықтырып, даму жасап, дамыту амал- талдау арқылы өзін- өзі үздіксіз пысықтауға қалыптастыратын болса.

Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің негізгі мәні- терең, тиянақты білім алуға қол жеткізу амалдары талдап оқуға қалыптасу.


Қорытынды

Қазіргі жағдайда кіші жастағы оқушыны оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді жетілдірудің жолдарының бірі – оқу- тәр бие үрдісінде талдап оқыту әдістемесін пайдалану болып табылады. Қазіргі мектептерде талдап оқыту әдістемесін 1 сыныптан бастап оқыту тиімді, оқу материалдарының талдап оқыту терең, тиянақты түсінуге жеткізіп, оқуға деген ынтасы төмендемейді. «Білім негізі- бастауышта», «Білімнің бесігі- мектеп» деген тұжырымдамалар сол ойдың негізі. Бүгінгі күннің негізгі міндеті- білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баршаға білім берудің- таңдау бойынша юілім беруге» ауысуы болып табылады, сапалы білім беру- талдап оқыту әдістемесімен ол орындалады.

Ол еліміз жарияланған «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға білім беру» моделіне көшуді ойластырған, оның негіздерінің бірі- талдап оқыту әдістемесі болып табылады. Бұл үшін талдап оқыту әдістемесін, оны зерделеп, зерттеп, іс- тәжірибеде нәтижелі болған идеясын, элементтерін оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану қажет.

Тадап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық негіздерін, талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесін: түсіндіру, сендіру, көрсету, үйрету, пысықтау, үлгілерін- жазу, есептеу, талдау, кеңес беру, ынтымақтасы, бірлесе тану, жазу, оқу, тілектес болу, жаттығу, қолдау, мақұлдау, ынталандыру, тәрбиелеу, оқыту, бірлесе оқу, оқуға, талдап оқуға қалыптастыру. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмаларды бірлесе шешу, топтап және жекелей орындаулар арқылы талдаулар арқылы негіздемес жасап, оқу- үйрену- білу- даму- қалыптасу жолдарымен сапалы білім алуға жеткізу.

Маңыздысы, бұл талдап оқыту әдістемесін сабақтардың барлығында тіл және әдебиет, математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, өнер және технология, дене шынықтыру- негізгі бес сала оқу пәндерінде пайдалану.

Тәнді шынықтыру, ерік жігерді шыңдап, жүректі ізгілендіру, ақыл- ойды жетілдіру, сана- сезімді теңестіру, тәжірибеге, бүгінгі күнге, әрбір іс-әрекеттерге және оның салдарына талдай білуге үйренсек, білім алу, тәрбиелену, даму мәселелерінің нәтижелі болуына жеткізеді деп үміттеніңіз.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», Егемен Қазақстан, 13 қаңтар, 2009 жыл.

2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты (Егемен Қазақстан, 2008 жыл, 7 ақпан).

3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан- 2030», «Үкімет жаршысы», Алматы, 1998, 112 б.

4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, «Дастан», 2000 ж.

5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, Елорда, 2008- 56 б.

6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Астана, 2004

7. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, Дарын, 2006, 480 б.

8. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Алматы, Дарын, 2004, 448 б.

9. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2007.

10. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, Заң әдебиеті, 2006, 288 б.

11. Бабаев С.Б. Педагогика. Алматы, Дарын, 2004, 420б.

12. Губашева С.Б., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана, Ролпанга, 2007, 244 б.

13. Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2005.

14. Жанпейісов Х. Педагогикалық дәрі курсы. Нұрлы әлем, 2008.

15. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. Алматы, 2003

16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 2007, 328 б.

17. Қоянбаев Р.М., Ыбырайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан, 2005.

18. Құрманалина Ш.Х., Мұханова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Астана, Фолиант, 2007, 656 б.

19. Максакова В.И. Теоретические основы и методика воспитания младших школьников. Гуманитарный издательский центр ВААДОС, М.: 2006, 238 г.

20. Наурызбай Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы, Ана тілі., 1995, 496 б.

21. Латышина Д.М. История педагогики. М., 1998

22. Подласый И.П. Педагогика. Алматы, 2000

23. Подласый И.П. Педагогика начальный школы. М., 2007

24. Сағындықұлы Е. Педагогика, Алматы, 2007.

25. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім., 2008, 416 б.

26. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. Алтамы, Мектеп, 1986, 150 б.

27. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2008

28. Сабиров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. Алматы, 2000.

29. Әбілқасымов А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2000.

30. Қалыбекова Ә.А., Ысқақов Ж.Ы., Әлсейітов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалары. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 287 б.

31. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. Алматы, қазақ университеті, 1989.

32. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991.

33. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1990.

34. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978.

35. Кобдикова Ж.У. Оқу процесін технологияландыру. Алматы, 2000.

36. Қасымбай Ә. Осы заманғы педагогикалық технология. «Қазақстан мектебі» №2, 2001 ж.

37. Мұқанов И.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

38. Мұқанов М.М. Педагогикалық психология очерктері. Қ.М.Б.А., 1962.

39. Сабиров Т.С. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. Алматы, Мектеп, 1978.

40. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, Қазақ университеті, 1998.

41. Тұрғынбаев Б.А. Талдап оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

745- 17У оқу тобының студенті Ақынбекова Дананың «Талдап оқыту әдістемесі» тақырыбында орындалған бітіру жұмысына
ПІКІР

Қазіргі кезде оқу үрдісін жоспарлау, алдын- ала талдау жасау, сабаққа қажетті оқу- әдістемелік, дидактикалық оқу материалдарын күнтізбелік тақырыптық үлгі жоспарлауға қатысты даярлау, болжам жасау талдау мәнді. Талдап оқыту әдістемесінің маңыздылығы оқыту әдістемелері, технологияларын байқап көру, талаптарды есепке алу маңызды. Күнтізбелік тақырыптық жоспарда негізгі оқу материалы, көрсетілетін көрнекіліктер, электронды тасымалдағыштар, көрсетулер, пайдаланатын оқу материалдарының үлгілері, үйге барілетін тапсырма тәжірибе негізінде талдану сапалы білім беруге жетелейді. «Талдап оқыту әдістемесінің» көкейкестілігін түсінуге болады.

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшадан тұрады. Кіріспеде анықталған, жоспарланған міндеттер мен мақсат қисынды түрде орындалған. Талдап оқыту әдістемесінің мәні оқу материалын терең түсінуді көздейді.

Д.Ақынбекова жұмысты зерделеп, зерттеп, жүйелеп, талаптарды ескеріп, сапалы орындап, әдістемелік үлгіде мақсатына жеткендіктен «өте жақсы» деген бағаға лайықты деп ойлаймыз.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ

ШИ доценті, п.ғ.к.: А.Оңғарбай


745- 17У оқу тобының студенті Ақынбекова Дананың «Талдап оқыту әдістемесі» тақырыбында орындалған бітіру жұмысына
ПІКІР

Білім берудегі бәсекелестік мұғалім қабілетіне байланысты, оқушымен бірлесіп оқу білім беру деңгейін сапаландырады, оқушының «оқы, оқы және оқы» талапты түсініп, оқуына қалыптастыру оқыту үрдісін, оның тиімділігін арттыру, жоғары талаптарды жоспарлап жүзеге асыру қажеттігін түсініп, шығармашылықпен еңбек етуде. Оқу- тәрбие жұмыстарында тәрбиелеу, білім беру және дамыту қызметтерінің негізі саналылықта, талдап оқытуда екендігін таңдап алынған дипломдық жұмыстың көкейкестілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшадан тұрады. Кіріспеде анықталған мақсат пен міндетке қатысты зерделеу, зерттеу, жүйелеу, қорытындылау, ұсыныстар жасалған.

Бітіру жұмысында талдап оқыту әдістемесінің ерекшелігі жоспарлау, тәжірибеге, сабаққа, жаңа сабаққа, танымдық жұмысқа, сынып жұмыстарына, үйге берілетін тапсырмаға талдау жасап, ой елегінен өткізіп, қажетті түзетулер енгізуді анықтап, мақсатына жеткен. Сондықтан жұмысты жоғары бағалауға болады деген ойды білдіремін.


Оңтүстік педагогикалық



университетінің доценті, п.ғ.к.: Ж.Көшенов


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет