Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен кеше Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікке ілінген Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тергеу материалдары бойынша ол террористік топтар құрамында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша оған қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.
Бұған дейін лаңкестермен бірге Сириядағы соғысқа қатысты деген күдікке іліккен Қазақстан азаматы Ыстамбұлдан Алматыға жеткізілген еді.
Ұсталған азамат сот санкциясымен қамауға алынды.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.