Ақтауда 14 шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерде 52 жастағы әйелдің денесі табылды. Көршілерінің мәліметінше, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото Lada.kz кадрларынан

Оқиға 16 сәуір күні түнде орын алған. Көршілердің айтуынша, көз жұмған әйелдің аты Парахат болған. Ол тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адамы ұсталған.

"Біз бәріміз таңғы сағат 5:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көрші шақырыпты. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған", — деді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

"Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің суретін көріп қалдым. Ол дәліздегі еденде жалаңаш төмен қарап жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты", — деді көршілердің бірі өткен түннің әсерімен бөлісті.

  • "Тағы бір Салтанат": Алматыда бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

  • "Әйелімнің өліміне енемнің дуасы әсер етті": Алматы тұрғыны анасыз қалған төрт баласын қайын жұртынан ала алмай әлек

Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді",- деді департаменттің баспасөз қызметі.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.