Алматыда Қытайда болған жер сілкінісінің афтершоктары тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық желіден
Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, Алматы қаласында 2 балл тіркелген.
“ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 22 ақпанда сағат. 00:26-да жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында — афтершок.Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында 2 балл”, – делінген 22 ақпанда түнде тараған ақпаратта.
- "Ешкім 100% кепілдік бере алмайды": Төтенше жағдайлар министрі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді
- "Жаңа үйлердің іргетасы қозғалмалы": Жапонияда тұратын қазақ қызы халық жер сілкісінен қалай сақтанатынын айтты
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ екені айтылады.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,0. MPV Магнитудасы 4.6.
Бұған дейін мамандар Алматыдағы үйлердің қайсысы жер сілкінісіне төзімді екенін айтқан.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.