“СОМЭ ”ЖШС сейсмологтары 24 қаңтар күні сағат 02:38-де Алматының оңтүстік-шығысынан 273 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6, магнитудасы MPV – 4,9, эпицентр координаттары – 41,14° солтүстік. 78,57°D. Жерасты дүмпуі 5 шақырым тереңдікте болған”, – делінген хабарламада.
Араға уақыт салып сағат 05:05 шамасында Қытайда, Алматының оңтүстік-шығысынан 267 шақырым жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды.
- "Қала қирандыға айналған": Алматыда соңғы 100 жылда болған жойқын жер сілкіністеріне шолу
- Алматы облысында жер сілкінгеннен кейін 19 нысанның қабырғасы жарылып кеткен
Сейсмологтардың мәліметінше:
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1;
- Магнитудасы MPV – 5,0;
- Эпицентр координаттары – 41,13° солтүстік. 78,55°D;
- Тереңдігі – 5 шақырым.
Бұған дейін жер сілкінісі кезінде алматылық келіншек алты айлық баласын құлатып алғаны туралы жазған едік.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.