Байқоңыр қаласында кәсіпорын есепшісі жұмысшылардың жалақысын заңсыз өсіріп, артынша оларды өзі жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел қызметкерлерге жалақысынан көп ақша аударған. Кейін жүйеде ақау болғанын айтып, ақшаларын қайтаруды талап етті. Алаяқтық арқылы есепші бір жарым жыл ішінде 6,4 миллион рубль (32 миллион теңге) пайда көрген.
- Сарапшы романтикалық алаяқтардың қандай болатынын сипаттап берді
- Алаяқтар алдаудың жаңа жолын тапты: Министрлік ескерту жасады
Күдікті Қазақстан азаматы болғандықтан, кешен прокуратурасы қаладағы қазыналық кәсіпорындардың бірінің есепшісіне қатысты қылмыстық істі жолдады. Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-тармағы “Адамның қызметтік бабын пайдаланып жасаған алаяқтық” бойынша іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
Әйел алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.