ҚазҰУ ректоры студенттердің интимдік деректеріне байланысты шудан кейін қызметінен кетуі керек пе? Бұл сұраққа сенатор Зәкіржан Күзиев пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Оның сөзінше, біреу кінәлі деп айту қиын. 

“Бұл ректорға қатысты сұрақ деп ойламаймын. Бұған дейін де бірнеше рет Парламентте осы мәселені көтердім. Бірінші рет құпия ақпарат шығып кетіп тұрған жоқ. Өздеріңіз де көріп жүргендей интернетте әртүрлі тізімдер шығып кетіп жүр. Бізде осыған қатысты нақты механизм жоқ. Құқық қорғау органдары істі қарап жатыр. Кім кінәлі екенін айту қиын. Істі зерттеу керек”,- деді ол. 

Журналистер сенатордан жеке ақпараттары жарыққа шығып кеткен кезі болды ма деп сұрады.  

“Құдайға шүкір, менің жеке ақпараттарым жарияланып кеткен кезі болған жоқ”,- деді Күзиев.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазҰУ-дағы медициналық мекеме өкілі "пәк" қыздардың тізімінде қандай мәліметтердің болғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.