Ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және оның қызметіне басшылық еткен азамат Әзірбайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бас прокуратура және Қаржы мониторингі агенттігі күдіктінің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. 2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты басқарған. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 

  • Шығын 14 миллиард теңге: Елімізде көліктерді жалған құжатпен тіркегендерге қатысты ауқымды тексеріс басталды
  • Жетісу облысында ақбөкен мүйізін сатушылар 3,5 млрд теңге шығын келтірген

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды. Кейін күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Әзербайжан республикасының Бас прокуратурасымен Қазақстанның Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды.

Қазір ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының соты осы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар 12 адамды түрлі жазаға соттаған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды. Ол танысын алдап, 260 миллион теңге шығын келтірген. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.