Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Жамбыл облысында көрші елдерден тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер мен транзит көліктердің жүргізушілері наразылыққа шықты. Айтуларынша, Қордай аудандық кірістер басқармасы қолдан қолайсыздық тудырып, салдарынан кеденнен өткен көліктер айлап кептелісте тұр. Заңсыз тауар айналымы табылмаса да, тәуліктеп түнетіп, апталап қамап қояды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Қырғыз-Қазақ кеден сүзгісінен өткен көліктердің иелері тексерістен мезі болғанын айтады. Рентген аппаратынан құтылсақ та, елге кіргенде, салықшыларға қайта тұтылып сабыламыз дейді жүргізушілер.

“Мені мұнда өткен сейсенбі күні кіргізген. Менде сантехникалық материалдар ғана. Құжаттарым толық түгел. Қазақстанда, Қырғызстан да қажет салық бәрі төленген. Түсінбеймін, не үшін бұлай қамап отыр?” – деді жүргізуші Назим Сүлейменов. 

“Не себепті бұл жаққа тыққанын білмеймін. 10 күн тұрмыз осылай, бұлардың не істеп жатқанын білмейміз”, – деді жүргізуші Рахымжан Низамов. 

Таусылмайтын тексерістен шаршаған жұрт жеке адамның қорасына қамалған. База тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаевтың меншігіндегі жерде орналасқан. Бүгінде сот шешімімен мемлекетке қайтарылғанын бұған дейін прокуратура мәлімдеген. Алайда жеке кәсіпкер күндігіне түскен айыптұрақтың ақшасын әлі күнге дейін өзі алады, дейді жиналғандар.

“Біздің шаруамыз жоқ. Оның бәрін тексеретін салық органы, кіргізетін де салық органы ғой. Біз емес оны кіргізіп жүрген”, – деді бақылаушы Рысбек Шаншарбеков.

Жүргізушілер тексерістен қашпайтынын, тек бітпейтін құжат, өнбейтін іс жалықтырғанын айтады. Міндетті кеден, баж бар салықты төлесек те, әр адамымызға ақша төлеудің амалын жасап қойған деп жыларман.

“Бассыздық орын алып жатыр. Көліктерді кіргіземіз. Кей көліктер 9-10 күн тұр. Шашып тастайды. Жүк көліктеріне 130 мың теңге төлейміз. Бекетті мың теңге қылып қойды, қоймаға кірсек 3,5 мың теңге төлейміз”, – деді кәсіпкер Дархан Мырзатаев.

Ал қоймада тұрған көлік жүргізушілері бар мәселе Қордай аудандық кірістер басқармасында екеніне сенімді. Мемлекет мүддесі үшін жасалған тексерістен жеке адамның ақша тапқаны ашық мәселе екенін жасырмады.

“Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма тарапынан тексеріс болып жатыр. Бізде қазір 30% қызметкер жоқ. Бар- жоғы тексеруге жібере алатын 2-3-ақ маманымыз бар. Күнде соларды жібереміз”, – деп мәлімдеді Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғабит Саяқов.

Осылайша мұнда келген көлікті жалғыз маман жанталасып тексеріп үлгере алмай жатқан көрінеді. Ал кеденнен жіберілген көліктердің тізімін комитет жібергенін жеткізді. Әзірге мемлекеттік кірістер басқармасы уақыт оздырмай тексерістен жылдамдату үшін тағы бір маман қосамыз деп отыр. Ал жалыққан жүргізушілер басқарма басшысының үстінен прокуратураға шағым түсірген.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.