Атырауда 80 жастағы әженің су тасқынына қарсы шараларға атсалысқан желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Атырау маңындағы Бейбарыс ауылында 80 жастағы әже еріктілермен бірге Жайықтың жағасын нығайту үшін қаптарға топырақ толтырып, көмектескен. Бұған желі қолданушылары оң көзқарас білдіріп, алғыстарын жаудырды.

“Әженің бұл әрекеті – жастарға үлгі”, “Аман болсын” деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеген. Құлсарының бірнеше ауданын су басты. Қазірдің өзінде 2500-ден астам үйді су басқан. 15 мыңға жуық құлсарылық тұрғын эвакуацияланды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығыны өтелетінін мәлімдеді. Сәлден соң жағдайға байланысты Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.