Танымал зағип әнші Кенжебек Нұрдолдай екінші жарын әлдекімдер дуалағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Өнер иесі алғашқы жары Жамила Тоқанованы бір баласымен тастап, Мөлдір есімді арумен шаңырақ көтерген еді. 

“Екі айдан бері жарым Мөлдірдің жағдайы алаңдатып отыр. Адам танымастай өзгеріп кетті. Күн сайын түсініксіз жағдаймен арпалысамыз. Сиқырланған деп жатыр. Ұстазымыз жын болғанда баяғыда шығып кетер еді, бұл жынға ұқсамайды” деді. Бір күнде екеуін шығарып жатыр. Жатыры да дуаланған. Бір ғана анық дүние бар. Бұл адамды өлтіру үшін жасалған қадам. Қасақана ұйымдастырылған дуалау деп білемін. Қазір жағдай үшінші айға созылып жатыр. Оған дейін бәрі жақсы еді. Ешқандай дауыс көтеріп, оғаш қылығын көрсетпеген. Қазір ұстаздарға барып, дем салдырып, Құранмен жынын шығарып жатырмыз. Мысалы, екі күн бұрын әйелім көліктен секіріп кеткісі келді. Өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, суицидке апаратын ойдың жиі мазалайтынын айтты. Оның алдында үйдегі ыдыстарды сындырды. 3-ақ кесе қалдырып, қалғанын күл-паршасын шығарыпты. Мұның сиқыр екеніне 100 пайыз сенімдіміз”, – дейді өнер иесі. 

  • Өзбекстанда бетін жапқандар мен некесін тек мешітте қиғандар жауапкершілікке тартылады

  • Елімізде ерте жүктілік саны артқан — Денсаулық сақтау министрлігі

Бағдарлама барысында әңгімеге әншінің жұбайы да қосылды. Ол өзінің жан-дүниесінде болып жатқан жағдайды баяндап берді. 

“Ішімдегіні айтқым келеді. Бірақ үндемеймін. Тамағыма кілт қойып қойған сияқты. Миыммен сөйлеп отырмын, бірақ сөйлегенде даусым шықпайтын секілді. Өзім түсінбеймін. Сонымен бірінші күні ешқандай реніш те болған жоқ, өзіммен өзім сөйлемей қойдым. Сөйлей алмаймын. Зікір айтқанда даусымды қатты шығарсам да, ештеңе ести алмаймын. Кенжебекпен қосылғаннан кейін пайда болды", – дейді әншінің әйелі Мөлдір.

Еске салайық, әнші шариғат жолымен некелескен бірінші жарынан баласы барын мойындағанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.