Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов пен Нұрқанат Серікбаев Ташкенттегі Grand Slam турнирінде тағы да сәтсіз өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Grand Slam турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өткен Елдос Сметов тағы да жарысты жүлдесіз аяқтады. Отандасымыз тек кубалық Харон Джонатаннан басым түскенмен, ширек финалда грузин балуаны Лухум Чхвимианиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуде әлемдік рейтингте 17-орында тұрған белгиялық Йорре Ферстрэтеннен ұтылып қалды. Осылайша отандасымыз екінші жарыс қатарынан жүлдеге қол жеткізе алмай отыр. Ал Нұрқанат Серікбаев алғашқы айналымда тәжік балуаны Мехрзод Суфиеті ұтқанымен, екінші белдесуінде ресейлік Аюб Блиевтен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Абужақынованың Grand Slam турнирінің финалына шыққанын жазған едік.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.