Ақтауда техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болып, екі адам зардап шекті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, техникалық қызмет көрсету станциясында дөңгелектер өртеніп кеткен. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жалынның жалпы аумағы – 42 шаршы метр. Зардап шеккендер – Өзбекстан азаматтары. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ер адамдардың денесінің 60 және 70 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың тыныс алу мүшелері зақымданған.

“Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Жағдайы өте ауыр. Дұрыс емделу үшін Алматы мен Астанадан келген мамандардан кеңес аламыз", – дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігер-комбустиологы Самалбек Жұмағұлов.

Өрт кешкі уақытта шыққаны хабарланды. Резеңке өртенгендіктен, бөлме әп-сәтте қатты түтінге толған. Сондықтан жалынды сөндіру әлдеқайда қиын болып шықты. Өртті сөндіруге 12 құтқарушы мен 3 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 14 ақпанда Алматыда монша кешені отқа оранған еді. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 600-700 шаршы метр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.