Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің өкілі 2023 жылы Қазақстанға қанша ресейлік азамат көшіп келгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көші-қон мониторингі басқармасының басшысы Әлижан Мәди былтыр Ресейден Қазақстанға 31 мың азамат келгенін айтты.

“Олар Қазақстанда  уақытша жұмыс жасап, өз еліне қайтады”,-деді басқарма басшысы. 

Басқарма басшысы БАҚ өкілінің “Ресейден келгендердің қаншасы Қазақстан азаматтығын алды?” деген сауалына нақты ақпарат келтіре алмады. Айтуынша, бұл сұрақ тікелей сыртқы істер министрлігінің құзыретіне жатады. 
 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.