Энергетика министрлігі жылу энергетикасы саласында бақылауды күшейтуге ниетті. Осы мақсатта әкімдіктерден орталықтандырылған жылумен жабдықтау және электр энергетикасы жүйесін бақылау қызметі алынып тасталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ckem.kz
Оған себеп – Қазақстан энергетика министрлігі "Жылу энергетикасы туралы" жеке салалық заң жасап шықты. Заң осы саланы бақылауды күшейтуге арналған. Бұл туралы энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында мәлім етті.
Заң жобасы кәсіпкерлік кодекстен электр және жылу энергетикасына бақылау жүргізу тәртібін алып тастайды. Жылу желілерін бақылау міндеті әкімдіктерден алынып, атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне жүктеледі.
Салаға толығымен мониторинг жасау және бақылау энергетика цифрлық платформасын құру арқылы жүзеге асады.
"Мұндай қадам болашақта ары қарай дамуға қажет шараларды анықтау үшін ақпарат жинап, талдауға көмектеседі", — деп атап өтті Сәтқалиев.
Сондай-ақ энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда 6 ГВт-тан астам электр қуатының тапшылығы байқалатынын айтты. Ал 2030 жылға қарай елімізге электрді өндірудің қазіргі қуаты жеткіліксіз болады.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.