Танымал актер, киножұлдыз Қуандық Шәкіржанов денсаулығының сыр бергенін “Мақсатына жеткендер” бағдарламасында айтып берді.

Фото: Видеодан скриншот

Актер екі жылдан бері аллергия мазалап жүргенін айтты. 

“Жасыңа жас қосылған сайын көп гастрольдетіп те жүрмейсің. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. 3-4 адам көз тиген деп айтты. Тіл-көз бар дейді. Алланы ауызға алып, жақсы тілек тілеп жүрсек, қорғайтын дұға ғой. Соңғы екі жыл аллергия болып, мазасызданып кеттім. Толық жазыла қоймадым, қызарып, көзім ауырды. Диагнозын таба алмады. Кім біледі енді. Бұл да сынақ шығар. Денсаулық керек екен", – деді Қуандық Шәкіржанов.

  • "1 айға дейін күтім керек": Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа ота жасалды

  • "Қан жөтел басталды": Балжан Бидаш әкесін шетелге емдетуге алып кетті

Сонымен қатар актер отбасындағы соңғы жаңалықты да жария етті. Айтуынша, балаларының анасынан бөлек тұрып жатқан көрінеді. 

“Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді? Өмір болғасын бәрі болады. Бұл да бір сынақ шығар. Мінезіміз жараспады ма, кім білсін?! Балаларымның анасын сыйлаймын, құрметтеймін. Аллаға шүкір, бір ұл мен бір қыз тауып берді. Қызым бойжетті, ұлым ержетті. Оқуларын бітірді. Бірақ аналарымен әңгіме жараспады, сосын өзім бөлек тұрып жатырмын", – деді актер. 

Айта кетейік, актердың жары да актриса мамандығын иегерген. “Өнер академиясының бірінші курсын ғана оқыды. Өйткені бір шаңырақ көтердік. Мен “Бір үйге бір әртіс жетеді” дедім. Содан кейін театрды да тоқтаттық. Арайдың өнерінің тоқтауына себепкер болған шығармын” деген еді өнер иесі. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.