Алматыда бұрынғы үш полиция қызметкері 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде азаптауды қолданғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеді. Қалалық прокуратураның мәліметінше, 2022 жылдың 9 қаңтарында сотталушылар Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген үш азаматты азаптағанын анықталды.
"Құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде үш жәбірленушіге дене азабы келтірілді", – деді қадағалау органы.
-
Төтенше жағдай кезінде құтқарушылар мүгедектігі бар қазақстандықтармен қарым-қатынас жасау дағдысынын білмейді – Депутат
-
Талдықорған әкімдігі қала көркін бұзғандықтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын алып тастады
Бұрынғы полиция қызметкерлерінің үкімі бүгін оқылды. Сот оларға атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы мен үш жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.
Олар сот залында қамауға алынды. Сотталғандар үкімге шағымдана алады.
Еске салсақ, бұған дейін Талдықорғанда төрт полиция қызметкері "Қаңтар оқиғасы" кезіндегі азаптау ісі бойынша кінәлі деп танылған еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.