Термометр -60 градустан төмен температураны көрсететін суретті Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы Парыгино ауылының тұрғындары желіде бөліскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: yk-news
Дәл осындай температура Глубоковский ауданы Прогресс ауылында да байқалды.
Температурасы ең төмен фотосуретті Глубоковский ауданы Малубинка ауылының тұрғыны жіберген. Онда термометр минус 63 градусты көрсетіп тұр.
- Астанада төрт жігіт 20 жастағы қызды алып қашқан: Бірақ оларға ауа райы кедергі жасады
- Қазақстанда көктемде ауа райы қалай болады: Синоптиктер болжамы жарияланды
Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. "Қазгидромет" РМК Зырян метеостанциясында минус 47,3 градусты тіркеді. Бұл өткен түні Қазақстанда тіркелген ең төменгі температура.
Айта кетейік, бұған дейін Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты еліміздің 10 өңірінде су тасу қаупі төніп тұрғаны туралы жазған едік.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.