Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматы қаласында  "Қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды 24 қаңтарда анықтаған. 

“Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды”, – делінген ҰҚК ақпаратында.

Алдын ала деректерде табылған қару "Қаңтар оқиғалары" кезінде ұрланғаны айтылады.

  • Қазақстанда сәтсіз мемлекеттік төңкеріс әрекетінің режиссері кім болды? Қаңтар оқиғасының хронологиясы мен тың деректері жарияланды
  • "Ешкім шабуылдаған жоқ, өзара атысты": Шекара қызметі офицері Қаңтар оқиғасы кезіндегі атыс туралы айтып берді

“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – деп қосты ҰҚК.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін еліміздің бірнеше қалаларында полиция жасырылған қару қоймаларын анықтады. Қару-жарақ Алматы, Тараз және Талдықорған секілді қалаларда табылды. Тәртіп сақшылары қазіргі күнге дейін әртүрлі қару қоймаларының табылғанын хабарлап келеді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.