Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Құлсары қаласындағы “Рамазан” дүкенінің жанынан ер адамның мәйітін тапты. Оның суреті әлеуметтік желілерде тараған болатын. Әкімдік мәйіттің қайдан келгеніне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Фото: azh.kz

Мәйітті қала сыртындағы зираттан тасқын су ағызып әкеткені белгілі болды. 

“Құлсары қаласында орналасқан Басшы Ата қауымындағы зираттардан шығып, сумен айналып келген. Суреттегі мәйіттер Автожолаушылар ықшам ауданы, Рамазан дүкені маңынан табылды. Аудандық санитария-эпидемиология қызметі тұрғындарға ауа арқылы келетін қауіп жоқ екенін айтып отыр”, – деп жауап берді Stan.kz тілшісіне аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қазір табылған адамның денесін Бейнеу ауданына сараптама жасауға алып кеткен. 

Айта кетейік, жалпы қалада 3 адамның мәйіті табылды. Оның екеуі – су тасқыны барысында жоғалған тұрғындардың денесі.

Бұған дейін облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берген еді.

"Құлсары қаласында табылған мәйітке қатысты су тасқыны бейіттерді шайып кеткені туралы хабарланды. Табылған мәйіттің су тасқыны кезінде жоғалып кеткен іздеудегі әке мен балаға қатысы жоқ", – делінген полиция хабарламасында. 

Қазір қала сыртындағы екі зират су астында қалған. 

Сонымен қатар қазақстандық эпидемиолог су тасқыны болған кезде қандай ауру тарайтынын түсіндірді. 

Қазір халықты үйлерін қалыпқа келтіруден бөлек, су тасқының өзге де салдары алаңдатып отыр. Себебі желіде өлген аң-құс, малдардан қауіпті вирус тарауы мүмкін деген болжам пайда болды. 

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.