Танымал актер, “Қазақфильм” АҚ президенті Азамат Сатыбалды өзіне қатысты алып-қашпа әңгіменің ақ-қарасын ажыратып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабарlike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Басшының айтуынша, аталған жер телімі өзіне дейін де жалға берілген болып шықты. 

“Қазақфильмнің" 16 гектар жерінің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Оның 80 пайызы қаңырап бос тұр. Ол жер маған дейін де жалға берілген.  Мен ол жер телімін арнайы заңды түрде жалға беру арқылы “Қазақфильмнің” 10 жұмыскерін қысқартудан аман сақтап қалдым. Менікі дұрыс па, бұрыс па?! Егер құжаттың бәрі өтірік, жалған болатын болса, мен баяғыда жұмыстан шығып кететін едім. Барлығы заңды, ашық, келіп тексерсін, көрсін, көрді де!" – деді "Қазақфильм" АҚ президенті.

  • Әлия Назарбаеваның фильмі: Министр Балаева Қазақфильмнен жымқырылған 400 миллион теңге туралы айтты

  • "Жылдар бойы жиналған күрделі проблема": Аида Балаева Қазақфильмге қатысты үндеу жасады

Одан кейін актер “Қазақфильмнің” жерін көлік тұрағына айналдырып, айына бір көлік алып тұрады" деген қауесетке де нүкте қойды. 

"Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады" дейді. Мен ешқашан ақталмаймын. Айына бір көлік алмаймын. Менің тіпті қызмет көлігім де жоқ. Қазір достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Сондай-ақ, біреуді қаралау арқылы өзіне хайп жинағысы келген адамдар, жақсылап ойлану керек. Өзім Алла мен заңның алдында адал, дұрыс жұмыс істеп келе жатқанымды білемін. Менің мақсатым – “Қазақфильмге” қызмет ету және оны кризистен алып шығу, ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған қажеті жоқ. Тіпті тілге тиек қылып, сөйлегім де, ақталғым да, оларға жауап бергім де келмейді", – деді ол.

Еске салайық, "Қазақфильм" маңын қытайлық көліктерге толтырып жіберген басшының басы дауға қалғанын жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.