АҚШ-та Калифорния штатындағы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің мекемесінде полиция қызметкері жасөспірімді зорлағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Аты-жөні мен жасы аталмаған Лос-Анджелестегі әйел түрмеде отырған кәмелетке толмаған сотталушымен заңсыз кездесу ұйымдастырды деп айыпталды. Ол түзеу мекемесіндегі жасөспірімге ұялы телефон апарып кейін оны зорлаған. 

7 наурызда смартфон түрмеден табылып, көп ұзамай құқық қорғау қызметкеріне айып тағылды. Құрылғының жадында жыныстық сипаттағы фотосуреттер болған. Сондай-ақ, әйел жас тұтқынға тек дәрігер нұсқауымен ғана сатуға рұқсат етілген кейбір таблеткаларды апарған. Әріптестерімен әңгімелесу кезінде әйел режимді бұзғанын мойындады.

  • Миллиардердің мұрагері байлығын кездейсоқ адамдарға бөліп бермек: Тізімге ілінген әр бақытты жан 500 мың еуродан алады

  • Ер адам қызына қатысты шындықты біліп, оның некесін бұзды

Лос-Анджелес аудандық прокуратурасы бұл іс әзірге ішкі тергеу аясында қаралып жатқанын айтты.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.