Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда ауыл шаруашылығы нашар дамығанын, сондықтан еліміз кейбір аспектілерде импортқа тәуелді екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: step2russia.com

Үкімет отырысында журналистер Жұманғаринге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда азық-түлік бағасының не себепті қымбат екенін сұрады. Атап айтқанда, ұнның құны 14 пайызға қымбаттаса, Ресейде 1,4 пайызға ғана өскен.

"Мұның бәрі елдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне, оның дамуына байланысты. Біздің үлкен мемлекет екенімізді және ауыл шаруашылығының нашар дамығанын түсінулеріңіз керек. Бізде өнім аз өндіріледі. Импортқа тәуелділік – бұл біздің нарық біреу үшін премиум екенін білдіреді. Өйткені бізге бұл тауарлар қажет. Плюс логистика. 2020, 2021, 2022 жылдардағы логистикалық дәліздер осал болды", — деді Серік Жұманғарин. 

  • “Ешқандай қорқыныш жоқ": Ауыл шаруашылығы министрі өзін тек бұйрық орындайтын солдатқа теңеді
  • "Тіпті кішкентай бала күніне жарты келі картоп жейді екен": Депутат ауыл шаруашылығы саласындағы жалған статистиканы сынға алды

Оның айтуынша, жыл басынан бері азық-түлік инфляциясы 1,9 пайызды құраса, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары небәрі 0,6 пайыз болған. 

"Өткен жылдың екінші жартысы мен биылғы жылдың басы біздің көшбасшылыққа жақын екенімізді көрсетті. Біз қазір орташа деңгейде тұрмыз", — деді Жұманғарин. 

Ол Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында инфляциясы Қазақстандағыдан жоғары елдер бар екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі жұмыртқа бағасы өспейді деп уәде бергені туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.