Диссертация Ғылыми кеңесші п.ғ. д., проф. Кеңесбаев С. М. PhD докт., Уайдуллақызы Э



бет4/57
Дата02.08.2022
өлшемі1.54 Mb.
#174963
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
disser ernar

Зерттеудің мақсаты: жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін айқындап әдістемесін жасау және оның тиімділігін педагогикалық тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы орта білім берудің бастауыш сатысындағы педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары» ұғымының мазмұны нақтыланса; оқушылардың бұл сапасын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып, әдістемесі тәжірибеге ендірілсе, онда аталмыш дағдыларды дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені жалпы дамыту жаттығулары оқушы бойында өмірге қажетті қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруға жол ашады.

Зерттеудің міндеттері


    • жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау;

  • «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары» ұғымын нақтылау;

    • жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін даярлау;

    • жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту әдістемесін жасау, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жалпы дамыту жаттығуларын үйрету мүмкіндіктерін тиімді пайдалану бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық негіздерін: іс-әрекет теориясы, оқу іс- әрекеті теориясы, қозғалыс әрекеті теориясы, қозғалыс әрекеттерін оқытудың дидактикалық ұстанымдары, жүйелілік теориясы, дамыта оқыту теориясы, психофизиология, жеке тұлға теориясы құрайды. Зерттеудің әдіснамалық негіздерін: педагогикалық зерттеулердегі жүйелілік, іс-әрекеттік, синергетикалық тәсілдер және т.б.; білім беруді ашықтық, өзін-өзі дамытатын жүйе ретінде ұғыну және қолдану қағидалары; жалпы педагогиканың әдістемелік тұжырымды қағидалары; білім берудің әлеуметтік-философиялық негіздері; заманауи дидактиканың қағидаттары және т.б. басшылыққа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет