Диссертация Ғылыми кеңесші п.ғ. д., проф. Кеңесбаев С. М. PhD докт., Уайдуллақызы Э



бет5/57
Дата02.08.2022
өлшемі1.54 Mb.
#174963
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
disser ernar

Зерттеу әдістері: теориялық-философиялық, психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әдістемелік әдебиеттер мен зерттеулерді талдау, тақырыпқа қатысты түйінді мәселелерді танып-білу, жинақтау, салыстыру, модельдеу; эмпирикалық-педагогикалық бақылау, мұғалімдермен әңгімелесулер өткізу, мұғалімдер мен оқушыларға сауалнама өткізу, педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін сандық және сапалық талдау.
Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар мен педагогтердің еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми құжаттары мен Білім және ғылым саласындағы нормативтік құжаттар (стандарттар, оқу кешендері, оқулықтар, тұжырымдамалар және т.б.); шетелдік және отандық педагогтердің ғылыми еңбектері мен тәжірибелері, ғылыми мерзімді басылымдар, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеудің кезеңдері


Бірінші кезең (2017-2018жж.) зерттелу мәселесі бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, алыс және жақын шет елдердегі озық тәжірибелері жинақталып, талқыланып қорытындыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы дайындалды, «жалпы дамыту
жаттығулары», «өзбетімен орындау дағдыларын дамыту» мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.
Екінші кезең (2018-2019жж.) жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық идеялары талданды. Эмпирикалық материалдар жинақталып, ғылыми дәйектер қорытындыланды, бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың әдіснамалық-теориялық негіздері айқындалды, зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тексеруден өткізілді.
Үшінші кезеңде (2019-2020жж.) жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамыту бойынша әдістемесі дайындалып тәжірибеге ендірілді, диссертациялық зерттеудің рәсімделуі аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет