Диссертация Ғылыми кеңесші п.ғ. д., проф. Кеңесбаев С. М. PhD докт., Уайдуллақызы Э



бет8/57
Дата02.08.2022
өлшемі1.54 Mb.
#174963
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57
Байланысты:
disser ernar

Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі отандық және шет елдік тарихи педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектер мен зерттеулердегі теориялық-әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алуымен, тұжырымдарға негізделуімен, зерттеудің мақсатына сай теориялық, эмпирикалық әдіс- тәсілдерді қолдануымен, алынған нәтижелерді қорытындылауымен қамтамасыз етілді.
Диссертацияның құрылымы. Диccepтaция кipicпeдeн, үш бөлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaлардaн тұpaды. Жұмыстың жалпы көлемі 146 бетке компьютермен теріліп басылған. Ол 24 кесте, 27 суретпен безендірілген. Әдебиеттер тізімі 149 аталымнан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу проблемасының көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, теориялық- әдіснамалық негіздері, зерттеу көздері, кезеңдері, әдістері, зерттеудің базасы, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалады.
«Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың теориялық- әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда «бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдылары» ұғымының педагогикалық категория ретіндегі ғылыми еңбектерде қарастырылу жайы талданады. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың мәні, психофизиологиялық негіздері негіздері анықталып, басшылыққа алынатын әдіснамалық тұғырлары, қағидалары жүйеленеді.
«Жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытуды модельдеу» деп аталатын екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың дидактикалық жүйесі қарастырылып, бастауыш сынып оқушыларының жалпы дамыту жаттығуларын өзбетімен орындау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері түрлі қырдан қарастырылады. Осындай талдау негізінде жалпы дамыту жаттығулары арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзбетімен орындау дағдыларын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   57




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет