Диссертация тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдістер» МӨЖ тақырыбы: «Қазақ тілін\әдебиетін оқытудың проблемалары: себептері мен шешу мүмкіндіктері»



Дата09.02.2022
өлшемі58.95 Kb.
#170575
түріДиссертация
Байланысты:
мөж Окыту проблемалары
ашык сабак кмж, аралық бақылау жауаптары, Дәріс . Сөйлемнің даму тарихы

Магистрант:М017-102 топ, Ілияс Айғаным Нурланқызы

Диссертация тақырыбы: «Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдістер»

МӨЖ тақырыбы: «Қазақ тілін\әдебиетін оқытудың проблемалары: себептері мен шешу мүмкіндіктері»

Қабылдаған: п.ғ.д проф. Даулетбекова Ж.




Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту проблемалары



Грамматикалық тақырыпқа арнайы уақыттың бөлінбеуі (Сағат жүктемесінің көптігі)

Қызығушылықты ояту

Тақырыптың күрделілігі (Ғылыми тақырып)



Қазақ тілі сабақтарының бір тақырыбына тек 1 сағат берілген. Келесі сабақта басқаша грамматикалық тақырып берледі. Алдыңғы тақырыпты бала игеріп үлгермейді. Әріп пен дыбысты ажырата алмай отырған балаға 1-сыныптан-ақ жіктік жалғау, тәуелдік жалғаудың берілуі.Бастауыш сынып оқушысына тіл дамыту, ауызша және грамматикасын дамытуға арналған жаттығулар жасату. Ғұлама ұстаз А.Байтұрсынұлының керемет сөзі бар: “Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал.”

Грамматикалық бір тақырып өткен соң қорытып, миына жақсылап сақтап алу үшін кемінде сол тақырыпқа 2-3 сағат берілуі керек деп есептеймін. Орыс сыныптарына тек ауызша тапсырмалар беріледі. Көбірек жаттығу яғни, жазбаша жұмыс жасатқан дұрыс

Қазіргі кезде көптеген әдіс-тәсілдің түрлері бар. Құрғақ ауыз сөзбен сабақ бергенше, ойнатып, ойлантып сабақ өткізген абзал.

Баланың сабаққа деген қызығушылығының жоқтығы. Әрбір сабақ бойында баланың оқуға ынтасын ашып, белсенді әрекетке тарту керек. Мұғалім өзі сөйлеумен шектеліп қалса, алған білімнің пайдасы жоқ. Оқушы сол білімді алуға өзі ұмтылыс жасау керек.

Бастауыш сыныптарындағы қазақ тілден және әдебиеттен берілетін тақырыптың ауырлығы. Жазбаша жұмыстың аздығы, тек қана бір мәтінмен шектелу, ғылыми тақырыптың көп берілуі. Ғылыми тақырып оқушының тақырыпты толық игеруіне қиындық келтіреді. Қазақ әдебиетіне қатысты мәтіннің аздығы. Ертегі, жырлардың берілмеуі. Қазақ тілін емес география, физика, химия сабақтарын оқытып отырғандай боламыз.

Қазақ әдебиетіне тікелей қатысы бар мәтіндері беру.Қазақ халқында балаларға арналған ертегі, жырлар өте көп. Бағдарламаны ғылымиландырмай, нақты тіл мен әдебиетті оқыту.

Қызығушылықты ояту

Грамматикалық тақырыпқа арнайы уақыттың бөлінбеуі (Сағат жүктемесінің көптігі)

Тақырыптың күрделілігі (Ғылыми тақырып)




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет