Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Жетісу өңірінде халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын инвесторлар салады. "Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағының аумағында әуе айлағы пайда болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан-Германия бірлескен жобасы 250 миллиард теңге инвестиция тарта отырып, үш кезеңде жүзеге асырылады. 700 жұмыс орны ашылады.

"Өнімділігі – 50 мың тонна жүк, жолаушылар терминалының өткізу қабілеті – сағатына 500 адамға дейін. Жобаны жүзеге асырудың негізгі мәселелері мен перспективаларын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев инвесторлармен кездесуінде талқылады", –деп мәлімдеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бейбіт Исабаев Жетісу өңірінің транзиттік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдеріне және Еуропаға маңызды бағыттардың қиылысында географиялық тұрғыдан тиімді "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА жалпы ауданы шамамен 5 мың га құрғақ портты, логистикалық және индустриялық аймақтарды қамтиды.

"Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағының бірыңғай тізілімінде жалпы құны 800 млрд теңгеден асатын жобалары бар 56 қатысушы тіркелген. Еркін экономикалық аймақтың негізгі элементтерінің бірі – "KTZE-Horgos Gateway" құрғақ порт. Ол – теңіз логистикалық тораптарына бірегей балама болатын ауданы 103 га дерлік Орталық Азиядағы ең ірі құрғақ порт және Қазақстандағы жеке теміржол инфрақұрылымы бар жалғыз терминал. АЭА инвесторлар үшін, оның ішінде шетелдіктер үшін де өзіндік тарифтері, жеңілдіктері мен преференциялары бар. АЭА қатысушыларының саны жыл сайын артып келеді және оның аумағында халықаралық жүк-жолаушы әуежайының ашылуы дамуға оң әсерін тигізеді. Бұл біздің сіздермен бірінші кездесуіміз екенін атап өткім келеді, мен сіздердің барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынмын", – деді аймақ басшысы.

Инвестордың айтуынша, жобаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланған. Халықаралық жүк-жолаушы әуежайының құрылысымен қатар, барлық қажетті инфрақұрылымды қамтитын жоба, сонымен қатар кезең-кезеңімен кеңейту, өндірістік қуаттылықты арттыру, қонақүй, сауда және ойын-сауық орталығын пайдалануға беру жоспарланған. 2032 жылға дейін толығымен аяқталады. Әуежайдың өзі 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланып жатыр.

Бейбіт Исабаев атап өткендей, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.