Павлодар облысында 65 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, 43 елді мекен айрықша бақылауға алынған. 

"Қар жылдам еритін болса Ақтоғай, Железин, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен аудандарындағы елді мекендерді су басуы ықтимал. Ал Баянауыл ауданында биыл ылғал өте аз, бірақ Қарағанды жақтан ағып келетін Ащысу өзені қауіп төндіруі мүмкін. Ал Сілеті өзеніндегі мұзды жару жұмыстары әзірше қолмен жүргізіледі. Яғни мамандарымыз мұзды бензинді арамен кесіп, бөлшектеп тасымақшы. Бұл қауіпті сейілтеді деп отырмыз. Егер төтеннен мол су келіп, Ақтоғай аудандарының ауылдарына қауіп төндірсе, өзендегі мұзға жарылғыштар қойылады", – дейді Жасұлан Жұмашев.

Облыс бойынша 1702 адам мен 600-ден астам техника, 198 мотопомпа, 42 жүзу құралы құтқару, су жыру жұмыстарына шұғыл кірісуге дайын отыр. 15 наурызға дейін 1472 су өткізу құбырын ашу жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда жауыннан кейін көшелерді су басып, үйлердің қабырғасы опырылып қалғаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.