Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раимға берген мемлекет басшысының сыйлығын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Айта кетейік, күні кеше президент еліміздің, креатив индустрия өкілдерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музыка, әлеуметтік желі, киноиндустрия, жасанды интеллект және киберспорт салаларында табысқа жеткен отандық жобалар таныстырылған еді. Сонымен қатар кездесуге өнер өкілдері де қатысты. Раим, Ерболат Беделхан, Мирас Жүгінісов, Саддрадин секілді шоу-бизнес мамандары да төбе көрсетті. 

“Күйеуім президенттің жанында жүр. Мен ән жаздыруға студияға келдім. Бір ғана өтінішім болды. “Президентке жақын тұрып, фотоға түс. Естелік болып қалады” деп едім. Ең артында тұр. Ал енді президенттің сыйлыққа не бергенін мен көрсетпесем, Раим көрсетпейді. Сол үшін маған "жарайсың" деп қойыңыздар", – деп жазды Ерке Есмахан.

  • Желіде құлпынайдың жуылмастан шоколадпен қапталатыны туралы ақпарат тарады –  Денсаулық сақтау министрі өнімді үй жағдайында жасау заңсыз екенін айтты

  • Ақтөбе облысында оқушылар жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған (видео)

Әнші жариялаған суреттен блокнот пен қаламды және мемлекеттік елтаңбасы мен Qazaqstan деген жазуы бар сағатты, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатын көруге болады. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Еске салайық, Ерке Есмахан үйде мінезінің қандай екенін айтқан еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.