Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Катарға алғаш рет мемлекеттік сапармен бар мемлекет басшысы шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Катар әмірінің шақыруын зор ризашылықпен қабыл алғанын жеткізді. Тоқаев бұл елге мемлекеттік сапармен алғаш рет келіп отырғандықтан оның мән-маңызы ерекше екенін атап өтті.

“Катар – ислам әлеміндегі біздің сенімді әрі маңызды әріптесіміз. Екі елдің қарым-қатынасына тың серпін беретін кез келді деп ойлаймын. Қазақстан мен Қатар байланыстарын толық стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеруді ұсынамын. Сапар кезінде өте маңызды құжаттарға қол қойылады. Бұл келісімдер біздің ынтымақтастығымызды стратегиялық деңгейге көтереді. Біз үшін Қатар өте ерекше ел, сіздермен байланыстарымызды жоғары бағалаймыз. Сондықтан бұл қатынастарымызды одан әрі дамыту үшін күш-жігерімізді саламыз. Бізге көрсетілген қонақжайлығыңызға ризашылығымызды білдіреміз”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катар Мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президенті сапарының мән-маңызына тоқталды.

“Жоғары Мәртебелі Президент мырза, біздің елімізге ең алғашқы мемлекеттік сапармен келіп отырғаныңызға қуаныштымын. Бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы қарым-қатынастарды еселей түсетініне сенемін. Біз Астанада да кездестік. Бүгінгі жүздесуіміз бұрынғы келіссөздер негізінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қадағалап, алдағы жоспарларды айқындауға мүмкіндік береді. Екіжақты ынтымақтастық аясында энергетикалық, сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделіміз. Осы сапар аясында біздің елдің ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізесіз. Бұл аталған салалардағы ықпалдастықты ілгерілетуге тың серпін беретініне сенімдімін, – дейді Катар әмірі.

Бұған дейін Катар әмірі Қасым-Жомарт Тоқаевты өз сарайында қарсы алған еді.

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.