Габриэлла Гаспар есімді әйел бразилиялық футболшы Неймардың 9 жастағы қызының әкесі екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Terra басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото:instagram.com/neymarjr

Габриэлла Гаспар сатушы болып жұмыс істейді. Ол 31 жастағы футболшыдан ДНК тапсырып, алимент төлеуді талап етіп отыр. Әйелдің айтуынша, ол Неймармен Боливияда танысқан. Екеуі көңіл қосып, нәтижесінде қыз жүкті болып қалған. 

Сондай-ақ Габриэлла 9 жастағы қызының туу туралы куәлігінде әкесінің аты жазылғанын және футболшының  30 мың еуро көлемінде алимент төлеуін талап етуде. 

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында бразилиялық модель Бруна Бианкарди Неймармен айырылысқанын мәлімдеген. Одан бір ай бұрын ерлі-зайыпты қызы болған еді.

2023 жылдың жазынан бастап Неймар Сауд Арабиясының "Аль-Хилал" клубында ойнайды. Бес матчтан кейін ол тізе жарақатын алып, ұзақ уақыт ойынға қатыспады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.