Договор текущего банковского счета физического лица (стандартные условия) (за исключением текущих счетов с использованием платежных карточек), рег. № Td-3914 от 01. 07. 2016



Дата14.03.2018
өлшемі161.08 Kb.
#20960

  1. «
    2017 жылғы «13» маусым

    Тіркеу № TD-4032



    Бизнес процестер инжинирингі департаменті

    БЕКІТІЛДІ»


  2. «Казкоммерцбанк» АҚ Басқармасымен

  3. 2017 жылғы «23» мамыр № 47 Хаттама


БАНКТІк ШОТ АШУСЫЗ ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) АҚША аудаРУ

ЖӨНІНДЕГІ қосылу шарты
Осы Шартпен (бұдан әрі – «Шарт») «Казкоммерцбанк» АҚ келесі төлем қызметтерін көрсетудің стандартты талаптары белгіленеді:

  • төлемді ақша жіберушінің (бұдан әрі – Клиент) банктік шотын ашусыз жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша;

  • Клиенттің ақшасын банктік шот ашусыз аудару, сондай-ақ қолма-қол ақшаны үшінші тұлғалардың банктік шоттарына аудару үшін қабылдау бойынша

- бұдан әрі – Төлем қызмет(тер)і.


  1. Негізгі ереже

    1. Осы Шарт, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 389 бабының ережесіне сәйкес жасалатын, талаптары Клиентпен түгелдей осы Шартқа қосылу арқылы ғана қабылданатын қосылу шарты болып табылады.

    2. Клиенттің бастамасы бойынша Банк бөлімшесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Аударым өтінішіне/Төлем тапсырмасына немесе Банкке төлем жүргізу/ақша аудару/ ақшаны банктік шотқа есепке қосу (бұдан әрі – Операциялар) туралы тапсырмаларды ұсыну үшін пайдалануы мүмкін өзге төлем құжатына (бұдан әрі – Төлем құжаты) қол қою арқылы немесе сондай нұсқауды/Төлем құжатын электронды түрінде қашықтықтан қол жеткізу жүйесі арқылы толтырып, ұсыну және Операцияны жүзеге асыру және егер бар болған жағдайда, Банк комиссиясын төлеу үшін ақша салу арқылы Төлем қызметін көрсетуге жіберілген процесс, Клиенттің Шартқа қосылуын білдіреді.

    3. Клиенттің Банкке осы Шартта көзделген Төлем қызметтерін алу үшін ұсынған Төлем құжаты Клиенттің Шартты ешбір ескертпесіз және қарсылықсыз толық көлемде алғанын, оқығанын, түсінгенін және қабылдағанын растайды. Егер Банкте Клиенттің Шартта белгіленген тәртіпте Клиенттің бастамасымен жіберілген Төлем құжатының нұсқасы/Операция жүргізу мақсатында ақша енгізгенінің дәлелі бар болса, Клиент оның Шартты алмағанының / оқымағанының / түсінбегенінің / қабылдамағанының дәлелі ретінде, оның осы Шартқа қолы қойылмағанына меңзеуге құқығы жоқ. Банкке Төлем қызметін көрсету туралы нұсқауды ұсына отырып, Клиент осы Шартқа толығымен қосылады, сондай-ақ осы Шарттың барлық ережелері Клиенттің мүддесі мен еркін білдіруге толық сәйкес келетінін растайды.

    4. Төлем құжаты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.




  1. Шарт мәні

    1. Клиент Банкке Операция жүргізу туралы нұсқауды (Төлем құжатын) ұсынады, ал Банк Төлем қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Банктің ішкі құжаттарына және Шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

    2. Осы Шартта көзделген Төлем қызметтері, соның ішінде Банкке Төлем қызметін көрсету туралы нұсқауды ұсынудың әлдебір жолдарының ықтимал тәсілдері мен артықшылықтары (Банк бөлімшесіне хабарласу немесе қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы), Төлем қызметін көрсетудің стандартты мерзімі, қажет құжаттар тізімі туралы толық ақпаратты және өзге де мәліметті Клиент Банк бөлімшелерінде немесе Банктің http://qazkom.kz/ мекенжайы бойынша веб-сайтында, сондай-ақ Банктің анықтамалық қызмет телефондары нөмірлеріне хабарласу арқылы ала алады.




  1. Төлем қызметін көрсету тәртібі

    1. Клиентке осы Шартта қарастырылған Төлем қызметтерін көрсету бойынша банктік қызмет Банк бөлімшелерінде бір операциялық күннің ішінде жүргізіледі, операциялық күннің ұзақтығын Банк өз бетінше белгілейді. Операциялық күннің ұзақтығы, операциялық күн кестесіне енгізілген тиісті өзгертулер туралы ақпарат Банктің http://qazkom.kz/ мекенжайы бойынша веб-сайтында, сондай-ақ Банк бөлімшелерінде көзге көрінетін жерге орналастырылады.

    2. Төлем қызметі қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы Банк белгілеген уақытта көрсетіледі.

    3. Клиент Банкке Төлем құжатын тапсырады және осы Шартта көзделген тиісті Операцияны жүргізу және Банк комиссиясын төлеу үшін ақша енгізеді. Банк Осы Шартта көзделген Төлем қызметін Клиенттің енгізген сомасы шегінде көрсетеді.

    4. Клиент Төлем қызметін алу мақсатында ақша енгізген соң, Банк Клиентке мазмұны мен нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келетін тиісті растаушы құжат (чек/түбіртек) береді.

    5. Төлем қызметі көрсетілетін ең ұзақ мерзім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімнен аса алмайды.

    6. Клиент Төлем құжатында көрсетілген ақпараттың дұрыстығы үшін жауапкершілік алады және Клиент Төлем құжатындағы деректерді қате көрсеткен жағдайда, Банктің Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты Банкке қандай да бір наразылық білдіруге құқығы жоқ.

    7. Банк келесі Төлем құжаттарын орындауға қабылдамайды:

  • нұсқаулары, түзетулері анық емес, жолдары Клиенттің атынан толтырылмаған немесе қолы қойылмаған, нұсқаулары қарындашпен толтырылған (Төлем құжаты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда);

  • қолданыстағы заңнаманы бұзатын операцияларды жүргізу туралы нұсқаулары бар;

  • қолданыстағы заңнамада қарастырылған мәліметтері жоқ;

  • дұрыстығы қызмет жеткізушімен расталмайтын мәліметтерден тұратын нұсқаулары бар (Банк пен қызмет жеткізуші арасындағы шарттық қарым-қатынастарға сәйкес Банктің төлем құжатын орындауға қабылдауына қызмет жеткізушінің алдын ала келісімі талап етілетін жағдайда);

  • қолданыстағы заңнамамен, Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған өзге жағдайларда.

Банк ондай Операцияны жүргізуден бастартады және Банктің сондай нұсқауларды орындаудан бастартуына байланысты Клиенттің шеккен залалдары үшін жауапты болмайды.

    1. Аударым (оның ішінде халықаралық аударымдар) жүргізген жағдайда:

- Клиент оның операциясын жүргізуге қатысатын корреспондент банктің сұрауы бойынша Банктің операцияға және оған қатысушы тұлғаларға қатысты мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынуға өзінің даусыз және қайтарылмайтын келісімін білдіреді;

- Банкте жоқ, бірақ корреспондент банкке операцияны аяқтау үшін ұсыну талап етілетін мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсыну туралы сұрау Банктен келіп түскен жағдайда, Клиент Банкке ондай мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды қажет көлемде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттенеді. Бұл ретте, Банк Клиенттің сондай мәліметтерді, түсіндірмелерді немесе құжаттарды ұсынбағанында аударымның орындалмағаны, оны аяқтауға мүмкіндік болмағаны үшін жауапты болмайды.



    1. Банкке Төлем қызметін көрсетуге арналған Төлем құжатын ұсына отырып, Клиент Банктің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық тәжірибеге сәйкес Банкті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризм, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық сияқты ақшаны жылыстату бойынша қылмыстық іс-қимылдар мен сызбаларға тарту жағдайларының алдын алуда жұмыс жасайтынын мойындайды және онымен келіседі. Осыған байланысты, Банк өз қалауы бойынша өзгеріп тұруы мүмкін Операцияларға белгілі бір талаптар қояды. Сөйтіп, Банк тарабынан әлдебір Операцияның әдеттегіден тыс/күдікті санатқа жатқызылуын анықтайтын өлшемдер белгіленуі мүмкін және ондай операция бойынша Банк оның орындалуын тоқтата алады немесе оны жүргізуден бастарта алады.

    2. Корреспондент банк Клиенттің ақшасын аудару операциясын жүргізгенде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын немесе халықаралық аударымдарды жүргізгенде тиісті шетел мемлекетінің заңнамасы талаптарын басшылыққа ала отырып:

- жүргізілетін операция туралы кез келген қажет қосымша мәлімет алу мақсатында Клиенттің ақшасын аударуды белгісіз мерзімге тоқтата тұруға;

- Банкке ақшаны қайтарып, ондай бастартудың себептерін нақтыламай, ақшаны аударуын аяқтаудан бастартуға;

- ақшаны белгісіз мерзімге оқшаулауға құқылы.

Осы Шарттың тармағында көрсетілген себептерге байланысты Операцияны аяқтау мүмкін емес болған жағдайда, Банк Операцияны жүргізуге қатысатын корреспондент банктердің іс-әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді.




  1. Банк көрсететін Төлем қызметі үшін ақы

    1. Төлем қызметі көрсетілгені үшін Клиент Операцияны Клиенттің нұсқауына сәйкес жүргізу және Банкке комиссия төлеу үшін қажетті қолма қол ақшаны енгізу арқылы, Операция жүргізілген сәтте Банктің қолданыстағы тарифіне сәйкес комиссия төлейді.

    2. Талаптары бойынша комиссия сомасы төлем және/немесе аударым сомасынан тікелей ұстап қалу қарастырылған төлемдер/аударымдар қабылдау туралы шартын Банкпен жасасқан тұлғаның пайдасына төлем/аударым жүргізілген жағдайда, Клиент үшін комиссия мөлшері 0 теңге құрайды.

    3. Ақшаны шетел валютасында аудару операциясы жүргізілгенде, операция жүргізілген сәтте Банктің қолданыстағы тарифіне сәйкес комиссия алынып, операция жүргізілген уақытта Банк белгілеген айырбастау бағамына сәйкес жүзеге асырылады.

    4. Клиент жүргізілетін операциялар бойынша қолданылуы тиіс, Банкпен тиісті күнге белгіленген комиссия мөлшерін (бұдан әрі – Тарифтер) Банк бөлімшелерінде не Банктің http://qazkom.kz/ мекенжайы бойынша веб-сайтынан, сондай-ақ Банктің анықтамалық қызмет телефон нөмірлері арқылы өз бетінше біледі. Қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайда, Банк Клиентке Төлем қызметін көрсеткенге дейін алынатын комиссияның ақшалай түріндегі мөлшері туралы ақпарат ұсынады.




  1. Клиенттің валюталық операцияларын жүргізу тәртібі

    1. Валюталық операциялар Банк тарабынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңнамасына, банкаралық тәжірибеге, Банктің ішкі ережелеріне және осы Шартқа сәйкес жүргізіледі.

    2. Клиент заңнамада шетел валютасында операция жүргізуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, валюталық бақылауды немесе валюталық шектеулерді, сондай-ақ төлем/ ақша аударымы бойынша операцияға қолданылуы мүмкін салықтарды немесе өзге міндетті төлемдерді енгізуге қатысты шетел мемлекетінің заңнамасында белгіленген шектеулерге байланысты туындауы мүмкін тәуекелді өзіне қабылдайды.




  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    1. Клиент құқылы:

      1. тиісті түрде қызмет көрсетілгеніне күдік туындаған жағдайда, көрсетілген Төлем қызметі бойынша растаушы құжаттардың көшірмелерін, қосымша ақпарат алу үшін Банкке хабарласуға (Клиент мәліметі бойынша алушы (бенефициар) төлем/ақша аударымын алған жоқ, төлем сомасы/ақша аударымы Клиенттің нұсқауына сәйкес келмейді және басқалары);

      2. қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде Банктің орындауға қабылдаған нұсқауын кері қайтарып алуға немесе оның орындалуын тоқтатуға құқылы. Банк Операцияны жүргізгенге дейін Төлем қызметінен бастартылған жағдайда, Шарт Клиенттің бастамасы бойынша бұзылған деп есептеледі. Клиент Төлем қызметінен бастартқан жағдайда, Банктің келісімі бойынша осы Шарт талаптарында ақша қолма-қол беру немесе Клиент ұсынған деректемелер бойынша оның банктік шотына аудару арқылы қайтарылады. Банк тарабынан комиссияны қайтару мәселесі ішкі ережелерді және төлем жүйелерімен жасалған шарттарды ескере отырып, Клиенттің нұсқауын кері қайтарып алу Банк Төлем қызметін орындаудың қай сатысында алғанына қарай шешіледі.




    1. Клиент міндеттенеді:

      1. төлем қызметін алу мақсатында Банкке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және Банктің ішкі құжаттарын есепке алып ресімделген жазбаша нұсқауларды беруге міндеттенеді. Бұл ретте, Банк Клиенттен Банк тарабынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында немесе заңнамада және/немесе Шартта белгіленген өзге жағдайларда, жүргізілетін операцияға қатысты қосымша ақпарат және құжаттарды талап етуге құқылы, ал Клиент, сәйкесінше, аталған құжаттарды ұсынуға міндетті;

      2. Шарт бойынша Банк қызметтерін Операция жүргізілген сәтте Банктің қолданыстағы Тарифіне сәйкес төлеуге;

      3. қосымша сәйкестендіру және Операция жүргізу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында Банкке өзін суретке түсіруге рұқсат беруге міндеттенеді. Клиенттің фотосуреті Банктің дерекқорына орналастырылады және тек Клиентті сәйкестендіру үшін қолданылатын болады. Клиент өзін суретке түсіруге және фотосуретті Банктің дерекқорына орналастыруға рұқсат беруден бастартқан жағдайда, Банк Клиентпен іскерлік қатынастарын орнатудан және оны әрі қарай нығайтудан бастарту құқығын өзіне қалдырады.




    1. Банк құқылы:

      1. осы Шартта көзделген Төлем қызметін жүргізгені үшін Клиенттен тиісті Операция жүргізілген күнгі Тарифтерге сәйкес комиссия алуға;

      2. Клиентке тиісті хабарламаны ұсынып, Клиентпен іскерлік қатынастарын орнатудан бастартуға;

      3. егер Клиенттің немесе онымен уәкілетті етілген тұлғалардың Операцияларды орындау туралы нұсқаулары және олар бойынша ұсынылған құжаттары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына қайшы келсе және/немесе Клиент сондай нұсқауларды орындау үшін қажет ақша сомасының болуын қамтамасыз етпесе, аталған нұсқауларды орындаудан бастартуға;

      4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған негіздер бойынша, себебін түсіндірместен Клиентпен іскерлік қатынастарды орнатпауға, сондай-ақ оларды доғаруға және Клиенттің Операциялар жүргізу туралы нұсқауларын орындаудан бастартуға;

      5. қолданыстағы заңнамада және/немесе осы Шартта көзделген негіздер бойынша Клиентке Операцияны жүргізуден бастартуға;

      6. сәйкестендіру үшін қосымша құрал ретінде:

- Банктің дерекқорында орналастырылған Клиенттің фотосуретін қолдануға.


    1. Банк міндеттенеді:

      1. Клиентке қолданыстағы заңнамаға, Шартқа және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге;

      2. Клиенттің Операциялары бойынша құпияға кепілдік беруге;

      3. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, Клиенттен алынған биометриялық деректерді (фотосуретті қоса алғанда) өзге тәсілмен таратпауға және жарияламауға.




  1. Тараптардың жауапкершілігі. Жауапкершіліктен босату

    1. Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін бұзғаны үшін екінші Тарап алдында осы Шартқа сәйкес, ал Шартпен реттелмеген басқа жағдай бойынша - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болып табылады.

    2. Клиент:

(i) алушының пайдасына төлем/аударым жасалатын, төлемді/аударымды алушы және оның деректемелері туралы ақпарттың дұрыстығы, сондай-ақ төлем/аударым мақсатын сәйкестендіретін төлем деректемелерінің дұрыстығы үшін;

(ii) онымен жасалатын Операциялардың заңдылығы үшін және осы Шартта қарастырылған Төлем қызметтерін жүргізуге негіз болатын, Банкке ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапкершілік көтереді.

    1. Егер Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалмауына немесе тиісті түрде орындалмауына тежеусіз күш жағдайлары себеп болса, оның ішінде: уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерді / шектеу-тыйым салу сипатындағы шараларды қабылдауы, бағдарламалық қамсыздандырудың ақауы, электр қуатының сөнуі, байланыс желісінің зақымдануы және Тараптардың еркіне байланысты емес және Шарт Мәніне тікелей қатысы бар басқа да жағдайлар орын алған болса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны / тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

Тежеусіз күш жағдайларының әрекеті аяқталған соң тиісті Тарап Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер тежеусіз күш жағдайлары туындаған күннен бастап 1 (бір) айдан астам уақыт бойына созылса, Тараптар өзара келісім бойынша Шарттың қолданысын тоқтатуға құқылы.

    1. Шарттың талаптары бұзылған кез келген жағдайда Банктің жауапкершілігі, Банктің заңға қайшы іс-әрекеттері / әрекетсіздігі салдарынан Клиентке келтірілген нақты залалдың көлемімен шектеледі (Банктің негізсіз Төлем қызметін орындаудан бастартуы немесе Клиенттің нұсқауын тиісті түрде орындамауы). Залал мөлшері Клиент тарабынан тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

    2. Банк Шарттың 6.3.3 – 6.3.5. т. қарастырылған жағдайда Банктің Операция жүргізуден бастартуы салдарынан Клиентке келтірілген залал үшін жауапкершілік алмайды.




  1. Дауларды қарау тәртібі




    1. Шартқа тікелей немесе жанама қатысты және онда реттелмеген барлық мәселелер Тараптармен Шартқа сәйкес, ал Шартпен реттелмеген басқа мәселелер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.

    2. Шартты орындауға байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер, Тараптармен келіссөз жүргізу арқылы шешіледі.

    3. Тараптар келіссөз жүргізу арқылы 10 (он) жұмыс күні ішінде келісімге келмеген жағдайда, даулар мүдделі Тараптың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте сотта қаралады.

    4. Клиент пен ақша жіберуші/алушы арасындағы өзара наразылықтар Банктің қатысуысыз тікелей өздерінің арасында қаралады.




  1. Клиенттің өтініші




    1. Банктің маған кез келген ақпараттық материалдарды (соның ішінде менің бастамам бойынша жіберілген Төлем қызметтеріне қатысты хабарламаларды) Банкке жеке өзім хабарласқанда көрсеткен мекенжай (пошталық, e-mail, факс және т.б.) бойынша немесе SMS-хабарлама түрінде телефон бойынша немесе қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы жолдауға рұқсат етемін. Бұл ретте, Шарттың осы тармағына сәйкес Банк ашық байланыс арналары арқылы жолдайтын ақпараттың үшінші тұлғалардың рұқсатсыз алу қауіпін түсінетінімді және сондай қауіпті өзіме қабылдайтынымды растаймын.

    2. Мен «Казкоммерцбанк» АҚ (бұдан әрі - Банк) http://qazkom.kz/ интернет сайтында және/немесе Банк Бөлімшесінде орналастырылған Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім үлгісімен танысқанымды және Банк қызмет көрсету үшін берілген нысанда белгіленген көлемде және мақсатта Банкпен менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге сөзсіз өз келісімімді беремін. Келісімге қосылу Клиенттің Банкке төлем қызметін алу үшін нұсқау/Төлем құжатын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.




  1. Құпиялылық




    1. Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Клиенттің Операциялары бойынша құпияны сақтауға кепілдік береді. Ақпарат (соның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпарат) Банкпен уәкілетті органдардың/тұлғалардың сұрауы бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік органға және Банкке қатысты жүргізілетін аудит/тексерістер аясында аудиторларға/бағалаушы және өзге құзыретті ұйымдарға ұсынылуы мүмкін. Клиент Банкке Шартта белгіленген тәртіпте Төлем қызметін көрсетуге нұсқау бере отырып, Банкке ақпаратты (соның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты) Шарттың осы тармағының талаптарына сәйкес ұсынуына ресми келісімін береді.




  1. Шарттың қолданыс мерзімі және оны бұзу тәртібі




    1. Шарт Клиенттің Операцияны жүргізу мақсатында Банк бөлімшесіндегі Банк кассасына немесе осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Шарттың жасалу дерегін растайтын Төлем құжаты негізінде қашықтықтан қол жеткізу жүйелері арқылы ақша енгізілген сәттен бастап жасалған болып саналады және күшіне енеді.

    2. Шарт Банктің Шарт бойынша Төлем қызметін көрсетуді аяқтаған сәтке дейін әрекет етеді.

    3. Клиенттің бастамасы бойынша жаңа Төлем қызметін көрсетуге процесс жіберілген жағдайда, Шарт Банкке Төлем құжаты ұсынылған және Операция жүргізу үшін ақша енгізілген күні қолданыстағы талаптармен қайта жасалған болып есептеледі.

    4. Егер Клиент Шартта қарастырылған қызметтерден басқа, Банк ұсынатын өзге қызметті алғысы келетін болса, тиісті қызмет көрсетуге жеке шарттардың жасалуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және/немесе Банктің ішкі құжаттарында қарастырылған өзге талаптардың сақталуы талап етіледі.




  1. Басқасы




    1. Клиент осымен Клиенттің Банкке телефон соғу арқылы жасалған кез келген өтініші, Банктің қалауы бойынша осындай мақсатта Банк қолданатын дыбыс жазу құралы арқылы автоматты түрде тіркелетінін түсінеді және онымен келіседі.

    2. Клиент осымен өзі енгізген барлық және кез келген ақша заңды жолмен алынғанын және Банктің талабы бойынша сондай Клиент Банкке, оның ішінде Клиент үшінші тұлғаның тапсырмасы бойынша және мүддесінде ақша енгізген жағдайда, сол ақшаның шыққан жерінің / ақшаны алу заңдылығын растайтын құжаттарды / басқа да ақпаратты ұсынуға міндеттенетінін растайды және кепілдік береді.

    3. Клиенттің Шарт бойынша талап ету құқығын Банктің келісімісіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

    4. Клиенттің бастамасымен жасалған және жүргізілген Операциялар бойынша наразылықтары, аталған Операциялар жүргізілген күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Банк Клиенттен аталған мерзім ішінде наразылық алмаған жағдайда, Операция Клиент тарабынан расталған болып есептеледі.




  1. Өзге шарттар




    1. Осы Шарт әрқайсысы теңдей заңды күшке ие мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде қарама-қайшылықтар орын алған жағдайда, Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.

    2. Осы Шарттағы баптардың атаулары мен басқа тақырыптары қолайлы болу үшін пайдаланылған және онда ешбір шектеу қойылмаған, сипаттама берілмеген және/немесе аталған құжаттардың қандай да бір ережесіне түсініктеме берілмеген, сонымен қатар, осы Шарттағы баптардың орналасу тәртібі бір баптардың екінші баптарға қатысты басым екендігін білдірмейді.

    3. Егер осы Шарттың қандай да бір немесе одан көп ережесі күшін жойса, жарамсыз болып табылса немесе қандай да болмасын жағдайда заң жүзінде қамтамасыз етілмеген болса, ол осы Шарттың басқа ережелерінің жарамдылығы мен заңдылығына ешбір әсер етпеуі немесе нашарлатпауы тиіс.

    4. Тараптың осы Шарттағы кез келген құқығын пайдаланбауы немесе дер кезінде пайдаланбауы ондай құқықтан бастарту ретінде қабылданбауы тиіс және ондай Тарап өзінің басқа құқықтарын жүзеге асыруға еш әсерін тигізбеуі тиіс. Осы Шартқа сәйкес барлық құқықтары мен міндеттемелері оның басқа құқықтары мен міндеттемелерінен бөлек ерекшелігі емес, олардың бөлігі болып табылады.


БАНК

«Казкоммерцбанк» АҚ 050060

Алматы қ., Гагарин көш., 135 Ж,

БСК - KZKOKZKX

БСН - 911040000021

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі» ММ-дегі (ҚРҰБ)

корр. шот - KZ75125KZT1001300335

(БСК NBRKKZKX)

Резиденттік белгісі: 1



Экономика секторының коды: 4














Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет