Мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов журналистердің сұрағына жауап беріп, лудомания мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Вице-министрге тілшілер қызметкерлер арасында лудоманияға бейім азаматтар туралы ақпарат бар ма, тексеріле ме деген сұрақ қойды.

“Төтенше жағдайлар министрлігінде лудоманияға қарсы психологиялық қызмет бар. Олар қызметкерлерді тестілеуден өткізіп, сауалнама жүргізіп отырады”, – деп түсіндірді вице-министр.

Ол министрлікте лудоманияға бейім қызметкерлер жоқ екенін атап өтті.

“Бүгінгі таңда төтенше жағдайлар министрлігінде лудоман қызметкерлер жоқ деуге болады”, – деп атап өтті ведомство өкілі.  

Еске сала кетейік, мәжілісте 25 жасқа толмағандардың құмар ойын ойнауына тыйым салу ұсынылған. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.