Алматы қаласының тұрғыны қарапайым автобус жүргізушісі Саттар Исламбеков желіде биімен жұлдызға айналған. Бүгінде 50 жастағы азамат тіпті түрлі кәсіптерді жарнамалап қаражат тауып жүр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия брінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет сюжет кадрларынан

Сегіз немересі бар атаның би қимылдары желіде трендке айналған. 

“Бала кезімде мен шетелдің билеріне қызығатын едім. Әскерден демалысқа келгенімде жаңа жылдық сайыс болды. Сол кезде мен өзбек биінен бірінші орын алғанмнын. Өзім биге жақынмын. Ол кезде інімнің тойы болған. Сол інімнің тойында біреу видеомды желіге салып жіберген ғой. Мен оны білмегенмін де, қарамағанмын да”, – деді Саттар Исламбеков

Сол видеодан кейін алматылықтың желіде жұлдызы жанған.

  • Германияда құрылысшы болып жұмыс істеп, 1,5 миллион тапқан қазақстандық желідегілерді тәнті етті

  • "Ерекше жаратылыс": Желіде екі көзі екі түрлі түстегі қазақстандық бала жұртшылықты таңғалдырды

“Құда құда деп, осы құдам жарады деп қояды. Көпшілік 50-ден асып қылық шығарып жатыр, жарайсың дейді. Мен бір биді көрсем ол маған ұнаса мен билей беремін. Жұмыстан қайтып келе жатамын ғой көлігіммен. Адамның бәрін тастап паркке қарай қайтып келе жатқанда музыкамды қосып қоямын да автобуста билеп келемін”, – деп қосты азамат. 

Саттар Исламбеков енді желіде кәсіпкерлердің тауарларын да жарнамалап жүр екен.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.