KEGOC 2023 жылғы қызметін қорытындылады. Батыс энергия торабының электр желілерін күшейту бойынша ірі инвестициялық жобаның аяқталуы, акцияларды қайталама орналастыру (SPO), ҰЭТ-ты пайдалану бойынша жаңа қызметтің пайда болуы, сонымен қатар Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағын күшейту бойынша жобаны іске асыруды бастау өткен жылдың негізгі нәтижелері.

Жедел деректер бойынша KEGOC-тың 2023 жылғы жалпы пайдасы 2022 жылмен салыстырғанда 39% — ке, 50,9 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін өсті.

Түсім 251,9 млрд теңгені құрап, 2022 жылға қарай 34,7 млрд теңгеге немесе 16%-ке артты. Арту негізінен реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша көлемдер мен тарифтердің өсуіне байланысты болды.

Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда 42,7 млрд теңге деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 15,9 млрд теңгеге немесе 60%- ке жоғары (2022 жылғы таза пайда — 26,7 млрд теңге).

2023 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу 2024 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылады. Компания дивидендтік саясатты жаңартты, оған сәйкес дивидендтерді төлеуге таза пайданың кемінде 60%-і жұмсалатын болады. "KEGOC" АҚ акционерлеріне дивидендтер жылына 2 рет төленеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша компания 20,2 млрд теңге немесе таза пайданың 87%-і мөлшерінде дивидендтер төледі. 2023 жылғы таза пайданың бұрын күтілгенмен салыстырғанда (31,5 млрд теңге) өсуін ескере отырып, KEGOC 2023 жылдың екінші жартыжылдығында дивидендтер төлеу мөлшерін арттыру мәселесін қарайды.

Есептік кезеңде "KEGOC" АҚ жүйелік оператор ретінде Қазақстан БЭЖ-інің сапалы жұмысын қамтамасыз етуді және ел тұтынушыларын электрмен сенімді жабдықтауды жалғастырды.

Қазақстан бойынша электр энергиясын тұтыну 2023 жылы 115,1 млрд кВтсағатты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,9% — ке артық. Электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 39,2 млрд кВтсағатты, Ұлттық электр торабын пайдалану бойынша қызмет көрсету көлемі – 36 млрд кВтсағат.

Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін және Қазақстан БЭЖ-інің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында "KEGOC" АҚ бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Соның ішінде "KEGOC" АҚ филиалдарының 220-500 кВ-тық әуе электр жеткізу желілерін реконструкциялау" (үш кезең), "Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту" және "Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру".

2023 жылғы қарашада Компания стратегиялық маңызы зор "Қазақстан БЭЖ-інің Батыс аймағының электр желісін күшейту" жобасын сәтті аяқтады. Бұл республиканың Батыс облыстарының тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге оң әсер етті.

"KEGOC" АҚ-ның тоғыз филиалының үшеуінде (Ақтөбе ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ және Батыс ЖЭТ) 220-500 кВ желілерін жаңғырту аяқталды. Бұл электр жеткізу желілерін ұзақ пайдалану мерзімдерімен айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік берді, олардың ресурсын кемінде 30 жыл перспективаға ұзартты, электр энергиясын жеткізу шарттарын жақсартты, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды.

Сондай-ақ Компания "Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту" жобасын іске асыруға кірісті. Жоба Жамбыл және Түркістан облыстарының 500 кВ-тық электр желілерін күшейту арқылы Оңтүстік энергетикалық аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, оның ішінде 3 электр қосалқы станциясын тиісті түрде кеңейте отырып, 500 кВ Шу-Жамбыл-Шымкент әуе желісін салуға бағытталған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.