Дополнительные критерии



жүктеу 363.87 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі363.87 Kb.


Бекітілген

Қарағанды облыстық

маслихатының

№ ___________ сессиясының

2015 жылғы «___» _______

№_______________ шешімі



ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ

2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ.

2015 жыл
МАЗМҰНЫ:


1. Экономикалық басымдықты және жаңа басым мамандандықтарды анықтау. 5

1.1. Қаланың жалпы сипаттамасы. 5

1.3 Еңбек рыногы. 7

1.4 Кадрларды дайындау. 10

1.5 Әлеуметтік инфрақұрылым. 11

2.Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау. 12

3. Қаланың бас жоспарын түзету. 14

1.1. ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТУ...................................................19

1.2 ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТУ ............................................................................................20

1.3. ГАЗБЕН ҚАМТУ ....................................................................................................20

1.4 ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ..................................................................20

ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ 2015 -2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС- ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Шахтинск қаласының 2015 -2017 жылдарға арналған кешенді даму жоспарының паспорты



Құжаттың атауы

Шахтинск қаласының кешенді даму жоспары

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы.

Негізгі әзірлеушілер

Қарағанды облысының әкімдігі

Іске асыру мерзімі

2015 – 2017 жылдар

Негізгі іс- шаралар, маңызды инвестициялық жобалар



МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ БРЕНДИНГІ: ОЛАРДЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ.

Іс- шаралар:

  1. Шахтинск қаласының экономикалық басымдығын және жаңа басым мамандықтарды анықтау.

2. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ДИВИРСИФИКАЦИЯЛАУ.



Іс- шаралар:

  1. Қала экономикасын ұзақ мерзімді диверсификациялау үшін инвестициялық «зәкірлі» жобаларды іске асыру.

1 жоба. «Жылыжай кешенің салу» жобасы «GoGreen.kz» ЖШС торфпен құмырада салат өнімін өсіру, өнім сапасын сақтап қалуға инновациялық жылжу, финдік технология бойынша салат өнімін өсіру. Іске асыру кезеңі 2016 – 2017 жылдар. Осы жобаны іске асыру қалаға 1,2 млрд. теңге инвестиция құюға мүмкіндік береді және шахтинск қаласын индустриализация бөлігінде оңтайлы әсер ететін болады. 50 жұмыс орнын құру жоспарланған.

2 жоба. «Еңбек - Караганда» аймақтық мемлекеттік кәсіпорнының № 41 филиалының тоқтап тұрған қуаттылықтарының базасында инертік шаң, құрлыс материалдарын, брусчатка әзірлеу».

Іске асыру кезеңі: 2014 -2015 жылдар. Жоба құны 499,0 млн. теңге. Жоспарланып құрылатын жұмыс орындарының саны - 118.


  1. Олардың ерекшеліктерін ескере отырып Шахтинск қаласында тапсырыстарды, қызмет көрсететін өндірістерді және қосалқы тау- кен кәсіпорындарымен орналастыру.

«Арселор Миттал Темиртау» ЖШС олардың ерекшеліктерін ескере отырып Шахтинск қаласында тапсырыстарды, қызмет көрсететін өндірістерді және қосалқы тау- кен кәсіпорындарыорналастыру мәселесін қарастыру.

  1. Шағын және орта бизнесті дамыту.

  1. Кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау.

  2. 1,5 млн 3,0 млн- ға дейін мөлшерде жаңа өндірістерді құру үшін гранттар ұсыну.

  3. 3) шағын және орта бизнесті дамут үшін серіктестік бағдарламаларды іске асыру («Айсулу ШТК»ЖШС «АрселорМиттал Темиртау» АҚ - мен, ШЗМК ЖШС «АрселорМиттал Темиртау» АҚ- мен, «Апрель Кулагер»ЖШС «For-Signg» ЖШС – мен («АрселорМиттал Темиртау» АҚ үшін) және «ПроСервис Восток» ЖШС («Корпорация Казахмыс» ЖШС үшін), «Союз» ЖШС «Беркат»ЖШС бірге, «Сәт Көмір»ЖШС және «Проект Монтаж Технология» ЖШС).

  4. 3. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ОҢТАЙЛЫ САНЫНА ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Іс- шаралар (жоспарға сәйкес):

  • Қаланың инженерлі – инфрақұрылымын даму (даму бюджеті):

- Шахтинск қаласының жылу желілерін қайта жөндеу;

- Шахан кентінде қазандық салу;

- Шахан кентінің ішкі орамдық, жылу желілерін салу;

- Новодолинский кентінде модулді қазандық салу.



2. Қаланың бірінші кезектегі абаттандыру мәселелерін шешу:

- Аулалық аумақты абаттандыру;

- жолдарды орташа жөндеу.





Нысаналы индикаторлар

- 12 мың тұрғынға негізгі капиталға инвестциияны өсіру.

- 77 % дейін жылумен қамту желілернің ескіруін азайту;


- 55 % дейін электрмен қамту желілернің ескіруін азайту;

- 4,1 % дейін жұмыссыздық деңгейін азайту азайту.

21 % дейін МАӘК алушылардың санынан жұмысқа қабылетті тұрғындар үлесін азайту.



Қаржыландыру көзі және көлемі

КДЖ іс- шараларын іске асыруға 2015 жылдан 2017 жыл кезеңінде 10 952,6 млн. теңге (оның ішінде кәсіпорындардың жеке қаржысы – 1729,0 млн. теңге, басқа да салалық бағдарламалар шеңберінде 111,9 млн. теңге), оның ішінде 2015 жылға 985,6 млн. теңге, 2016 жылға – 5609,6 млн. теңге, 2017 жылға – 4 024,4 млн. теңге.

республикалық бюджет қаражатының есебінен 8 084,9 млн. теңге;

2015 жылы – 306,5 млн. теңге,

2016 жылы – 4 099,2 млн. теңге,

2017 жылы – 3 679,2 млн. теңге.



жергілікті бюджет қаражатының есебінен 8 084,9 млн. теңге;

2015 жылы – 113,1 млн. теңге,

2016 жылы – 241,8 млн. теңге,

2017 жылы – 311,8 млн. теңге.



жеке қаражат есебінен 1 729,0 млн. теңге;

2015 жылы – 499,0 млн. теңге,

2016 жылы – 1 230,0 млн. теңге.




I БАҒЫТ БРЕНДИНГ. ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ.

1. Экономикалық басымдықты және жаңа басым мамандандықтарды анықтау.

1.1. Қаланың жалпы сипаттамасы.

Шахтинск қаласы Қарағанды облысының өндірістік ауданы, 1961 жылы құрылған. Қаланың пайда болуы кокстық жоғары сапалы көмірлі Тентек орнын игерумен байланысты, Қарағанды облысының өндірістік ауданы.

Шахтинск қаласы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы отырысында орта даму әлеуеті бар моноқала ретінде анықталған.

Қала аумағы – 0,2 мың. ш. км. құрайды.

Шахтинск қаласы Қарағанды агломерация аумағында орналасқан, ол агломерация ядросынан тұрады (Қарағанды және Теміртау қалалары), сонымен қатар географиялық тұрғыдан шағын қалалардың және кенттердің (Долинка, Новодолинский, Шахан, Северо - Западный) біркелкі желілі ядросына тақау орналасқан. Шығысында Абай ауданымен шекараласқан, ал батысында және оңтүстігінде Нұра ауданымен, солтүстігінде Саран қаласымен шекараласқан.

Шахтинск қаласы Қарағанды агломерация орталығынан геоэкономикалық жайлы орны бар және Қарағанды агломерациясының екінші типіне кіреді, онда Саран және Абай ауданы шоғырланған.

2014 жылдың 1 қаңтарына қала тұрғындары, маңайдағы елді мекендерді санағанда 57,3 мың адамды құраған, оның ішінде қала тұрғындары – 38,3 мың адам.

Қаланың шикізат базасы тас көмір қорымен ұсынылған. Шахтинск аймағының төрт шахтасының есебі бойынша тас көмір қоры 40 жылдан астам көмір қазуды қамтамасыз етеді.

Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының өндірістік ауданы. Қаланың өнеркәсіптік базалық саласы болып өндеу саласы (Апрель Кулагер ЖШС – ет өндеу және шұжық өнімдерін өндеумен айналысатын кәсіпорын) және өндіру саласы, электрэнергиясын, газды және суды тарату болып табылады («Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС, «Шахтинскводоканал» ЖШС суды тарату).

Қаланың көмір өндіретін кәсіпорындары «АрселорМиттал Темиртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин» атындағы шахталар болып табылады.

Металлургиялық сала аймақта «Курылысмет» ЖШС зауыттарымен ұсынылған.

Экономиканы дамытудың басым бағыты болып шағын және орта бизнес табылады. 2013 жылы кәсіпкерлік ортаның анықталған өсімі және қала экономикасына шағын және орта бизнес субъектілерінің салымы байқалады.

2014 жылдың 1 қаңтарына белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1702 бірлікті құраған, 2009 жылға өсім 1015 бірлікті немесе 67,7 % құраған.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің 2009 – 2013 жылдары аралығында өнім өндіру көлемі 67,5 % (2232,3 млн. теңгеден 3 739,2 млн. теңгеге дейін) өскен.

Сонымен қатар, тіркелген субъектілердің саны 46,7 % өскен, оның ішінде белсенді қолданыстағылары 36,1 %.

2013 жылы шағын бизнесте жұмысқа тартылғандар 4 705 адамды құраған, 2009 жылмен салыстырғанда 71 % көп.

2013 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 313,7 млн. теңге түскен, ол 2009 жылдың көрсеткіштерінен 3 есе көп.

Аймақта шағын және орта бизнестің дамуына қаржы – кредиттік ресурстардың қол жетімсіздігі, инвестициялық шектеулер, бірінші кезектегі капиталдың дефициті, жабдық, шикізат, материал сатып алуға айналымдық әсер етеді.


1.2 Әлеуметтік – демографиялық жағдай.

2012 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 57 мың 279 адам.

2009-2013 жылдары тұрғындар саны 1,01 % түскен. Тұрғындар санының өсуінің негізге себебі миграцияның оңтайлы сальдосы болып табылады.

Қалада көші- қон жағдайы кеткендер саны көшіп келгендер санынан артық болуына байланысты сипатталады. 2009 -2013 жылдары кезеңіне көші- қон сальдосы 145 адамды құраған.



1.3 Еңбек рыногы.


Еңбек нарығындағы жағдай экономикалық белсенді тұрғындар санының 300 адамға (2011 жылы 24800 адамнан 2015 жылы 35100 адамға дейін), жұмыспен қамтылған тұрғындар 300 адам (2011 жылы 33200 адамнан 2015 жылы 33500 адамға дейін) өскенің және жұмыссыздық деңгейінің 0,1 тармаққа төмендегенің (2011 жылы 4,6 % 2015 жылы 4,5% дейін) көрсетеді.

Соңғы жылдары тау- кен кәсіпорындарында негізгі қызметпен айланысатын қызметкерлер саны 1400 адамға (2011 жылы 8200 адамнан 2015 жылы 6800 адамға дейін) төмендеген.

2017 жылы ЭАН 35400 адамға дейін өсіру жоспарланған, жұмыспен қамтылған тұрғындарды 33900 адамға, жұмыссыздық деңгейін 4,1 % төмендету жоспарланған.

Индустриализация картасының, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», сонымен қатар «зәкірлік» статусы бар инвестициялық жобаларын іске асырылуын назарға ала отырып, Шахтинск қаласы тұрғындарының келесі жұмыспен қамтылуы болжамдалады. 2017 жылға 500 адамды жұмыспен қамту.



1 кесте
Шахтинск қаласында жұмыспен қамтылған тұрғындар саның болжау.


Көрсеткіштер

өлш. бірл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Экономикалық белсенді тұрғындар саны, оның ішінде

адам

34800

34900

35000

35100

35200

35300

35400

Жұмыспен қамтылған тұрғындар

адам

33200

33300

33400

33500

33700

33800

33900

жалдамылы жұмыскерлер, оның ішінде

адам

25100

26400

27400

28200

28700

29100

29500

Тау- кен кәсіпорындарында

адам

8200

7500

7000

6800

6700

6700

6700

ШОБ

адам

4700

4800

4900

5000

5100

5200

5300

Басқалары

адам

12200

14100

15500

16400

16900

17200

17500

өздігімен жұмыспен қамтылғандар

адам

8100

6900

6000

5300

5000

4700

4400

Жұмыссыздар

адам

1600

1600

1600

1568

1531

1498

1454

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,6

4,6

4,6

4,5

4,3

4,2

4,1

«GoGreen» ЖШС іске асыру есебінен 50 жұмыс орны құрылған, «Реконструкция тепловых сетей в городе Шахтинске» 12 жұмыс орны құрылған, «Строительство котельной в поселке Шахан» 15 жұмыс орны құрылған, «Строительство внутреквартальных сетей в поселке Шахан» 10 жұмыс орны құрылған, «Строительство модульной котельной в поселке Новодолинский» 10 жұмыс орны құрылған, 60 жұмыс орнын құрумен 280 орында балалар бақшасын салу.

Жеке бастамалар есебінен (дүкендер ашу, техникалық қызмет көрсететін станция) 32 жұмыс орны құрылған.

Мемлекеттік форсировалды инновациялық- индустриалды дамудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы (дүкен ашу, қоңақ үй кешені, Долинка кентінде монша салу) 2015 – 2017 жылдары 295 жұмыс орны құрылатын болады.

Экономикалық белсенді тұрғындар есебінен жұмыссыздық деңгейі төмендеген, ШОБ санын өсіру. 2017 жылы жұмыссыздық нәтижесін 4,1% жеткізу үшін жыл сайын 500-600 адамды жұмысқа орналастыру қажет.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының шеңберінде жұмыспен қамту:


  • Бірінші бағытының шеңберінде (инфрақұрылым жобалары)

  • Екінші бағыт (28 адамды жыл сайын шағын кредит беру);

  • үшінші бағыт (оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі)

2014 жылы жергілікті бюджет қаржысына 9 мүгедек кәсіптік даярлықтан өткен, ЭВМ, аспаз, бухгалтер 1-С. 2 мүгедек оқу аяқталысымен жұмысқа орналастырылған. 2014 – 2015 жылдар ішінде 7 мүгедек тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады.

Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының төмендетуге мүмкіндік береді, 2017 жылға АӘК алушылар құрамында жұмысқа қабілетті тұрғындар саны азаяды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ішінен жұмысқа қабілетті тұрғындар саны 30,5% құраған.

2015 жылы 474 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

2015 жылы жоспарланған шаралардың нәтижесінде өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны 6,1 % азайған немесе өнімді жұмыспен қамуға ықпалдасу есебінен 305 адамға азайған:

- 135 адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылатын болады, оның ішінде 78 адам – Мемлекеттік форсировалды инновациялық- индустриалды дамудың мемлекеттік бағдарламасы;

- 47 адам – ағымдағы бос лауазымды орындарға орналастырылатын болады:

- 50 адамды кәсіптік оқытуға бағыттау жоспарланған (дайындау, кәсіптік даярлық, біліктілігін арттыру);

- 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған;

- 25 адам «Моноқалаларды дамытудың 2012 -2020 бағдарламасы» Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары шеңберінде өз ісін ашуға және кеңейтуге шағын кредиттер алады;

- Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым және ТКШ нысандарын күрделі, орташа және ағымдық жөндеуге 28 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

2015 жылы 317 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылған:

- 267 адам – жаңа жұмыс орындарына;

- 50 адам – ағымдағы жұмыс орындарына орналастырумен қоғамдық жұмыстарға орналастырылған;

2016 жылы 499 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны 6,1 % азайған немесе өнімді жұмыспен қамуға ықпалдасу есебінен 287 адамға азайған, негізінен:

- моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде жаңа жұмыс орындарына 149 адам орналастырылатын болады, оның ішінде Мемлекеттік форсировалды инновациялық- индустриалды дамудың мемлекеттік бағдарламасы бағдарламасы бойынша 58 адам;

- 61 адам – ағымдағы жұмыс орындарына орналастырылған;

- 35 адамды кәсіптік оқытуға бағыттау жоспарланған (дайындау, кәсіптік даярлық, біліктілігін арттыру);

- 15 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған;

- 27 адам «Моноқалаларды дамытудың 2012 -2020 бағдарламасы» Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары шеңберінде өз ісін ашуға және кеңейтуге шағын кредиттер алады;

- Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым және ТКШ нысандарын күрделі, орташа және ағымдық жөндеуге 20 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

2017 жылы 317 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылған:

- 242 адам – жаңа жұмыс орындарына;

- 5 адам жастар тәжірибесіне;

- 70 адам – ағымдағы жұмыс орындарына орналастырумен қоғамдық жұмыстарға орналастырылған;

2017 жылы 412 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны 6,1 % азайған немесе өнімді жұмыспен қамуға ықпалдасу есебінен 268 адамға азайған, негізінен:

- моноқалаларды дамыту бағдарламасының шеңберінде жаңа жұмыс орындарына 131 адам орналастырылатын болады;

- 43 адам – ағымдағы жұмыс орындарына орналастырылған;

- 30 адамды кәсіптік оқытуға бағыттау жоспарланған (дайындау, кәсіптік даярлық, біліктілігін арттыру);

- 20 адам әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған;

- 23 адам «Моноқалаларды дамытудың 2012 -2020 бағдарламасы» Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламалары шеңберінде өз ісін ашуға және кеңейтуге шағын кредиттер алады;

- Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым және ТКШ нысандарын күрделі, орташа және ағымдық жөндеуге 21 адам жұмысқа орналастырылатын болады.

2017 жылы 306 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылған:

- 140 адам – жаңа жұмыс орындарына;

- 108 адам ағымдағы бос лауазымдарға:

- 5 адам жастар тәжірибесіне;

- 53 адам – ағымдағы жұмыс орындарына орналастырумен қоғамдық жұмыстарға орналастырылатын болады.




1.4 Кадрларды дайындау.

Қала аумағында бастауыш және кәсіби орташа білім беретін 2 нысан қызмет етеді: Шахтинский технологиялық колледж және «Шахтинский горно-индустриальный колледж».

Екі мекемеде техникалық мамандықтар бойынша дайындайды, негізгілері болып: «Вычислительная техника и программное обеспечение (по видам)», «Эксплуатация линейных сооружений электросвязи и проводного вещания», «Электронные приборы и устройства», «Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта», «Защита в чрезвычайных ситуациях», «Техническое обслуживание и ремонт горно-механического оборудования», «Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта», «Сварочное дело», «Строительство и эксплуатация зданий и сооружений»және т.б.

Осы оқу орындарында оқу жоспарға және Шахтинск қаласының және Шахтинск аумағының жұмыспен қамту орталықтарының өтінімдеріне сәйкес жүзеге асады.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде өздігімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және аз қамтылған тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға көмек беру жоспарланған.

2 кесте
Өздігімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және азқамтылған тұрғындарды оқыту.
адам


Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Кәсіптік даярлау

10

10

10

Қайта даярлау

10

12

12

Аз қамтылған және жұмыссыз, өздігінен қамтылған тұрғындарды жұмысқа орналастыруға көмек беру.

Әлеуметтік жұмыс орындары

30

30

30

Жастар тәжірибесі

70

70

70



1.5 Әлеуметтік инфрақұрылым.


Шахтинск аймағында денсаулық сақтау саласының 2 КМҚК қызмет атқарады, олар «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы», «Шахтинск қаласының емханасы», оларда барлық денсаулық сақтау саласының 145 дәрігері және орта және кіші медициналық 739 қызметкерлер қызмет етеді. Жобалық қуаттылығы 225, ауысымда 751 келуші.

10 мың тұрғынды дәрігерлермен қамтамасыз ету 25,3 % құраған.

Осыған байланысты дәрігерлік кадрларға қажеттілік бар. Негізінен 4 бірлік (2 терапевт, жалпы тәжірибедегі 1 дәрігер, 1 эндокринолог).

Материалдық техникалық базамен қамтылу төмендігі байқалады, оның ішінде заманауи медициналық жабдықтармен қамтылу ол 53% құрайды. Осындай УЗИ, ФГДС, жабдықтардың жоқ болуы, ЭКГ аппараттарының жетіспеушілігі, қала бойынша медициналық қызмет көрсетуге қиындық туғызады.

Қалада 1 колледж жұмыс істейді, онда 848 оқушы оқиды, 1 мамандандырылған техникалық лицей – 343 оқушы, 13 жалпы білім беру мектебі (5 бір ауысымды, 8 – екі ауысымды мектептер) бар. Жалпы білім беретін мектептер оқушыларының контингенті 0- 11 сыныпқа дейін 6355 оқушыны құрайды, жоба қуаттылығы 11 мың оқушы. Сонымен қатар, аймақта мектепке дейінгі тәрбие және оқытатын 7 мекеме, 4 шағын орталық, 1 мектеп – балабақша бар. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған 3-6 жасқа дейінгі балалар саны 94,7% (жоспар - 2221, факт - 2103) құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиені және оқытатын мекемелерге 1-3 жасқа дейінгі балалардың қажеттілік дейгейі 1027 адамды құраған. Өзекті мәселе болып қосымша білім беру желілерін дамыту табылады. Осы уақытқа дейін, көркем сурет мектебі – клуб ЮНЕСКО салу мәселесі әлі шешілмеген, бұл мекеменің әлі күнге дейін жеке ғимараты жоқ.

Қала аумағында 2 бастауыш және орта кәсіптік нысандар қызмет атқарады: №7 кәсіптік лицей (256 оқушы) және Шахтинский технологиялық колледж (681 оқушы). Екі мекемеде техникалық мамандықтар бойынша дайындайды, негізгілері болып: «Техническое обслуживание и ремонт горного электромеханического оборудования», «Монтаж и эксплуатация внутренних санитарно-технических устройств, вентиляции и инженерных систем», «Строительство и эксплуатация зданий и сооружений», «Сварочное дело», «Эксплуатация линейных сооружений электросвязи и проводного вещания», «Вычислительная техника и программное обеспечение» және т.б.

Қалада және жақын маңдағы кенттерде 74 спорттық нысан бар, оның ішінде 1 қалалық стадион (Шахтинск қ.), 1 спорттық ядро (Шахан кенті), 4 хоккейлі корт, 1 сауықтыру кешені, екі көп функционалды аулалар салынған (жабындысы бар футбол алаңы, жаяу жүргіншілер жолы, жүгіру жолдары, баскетбол және волецбол алаңдары).2010 жылдың кезеңінде жүйелі спортпен айналысатын адамдар саны 14,7- ден 17,7%- ге өскен. Алдымыздағы үш жылы жылда хоккейлік кортымен үш көп функционалды спорт алаңдарын салу жоспарланған.

Қалада және жақын маңдағы кентерде: 1 Мәдениет үйі, Орталық кітапхана және 2 Мәдениет үйі және 8 кітапхана филиалы, сонымен қатар саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу мұражайы бар.

  1. Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау.

2009 жылмен салыстырғанда 2013 жылы қаланың бюджет табыстары 1,7 есеге өскен. Бюджет табыстарының құрылымы біршама өзгерген: олардың біршама бөлігі 2009жылы бюджет аралық трансферттер есебінен (субвенция, субсидий және трансферттер түрінде) 79,9 % - және 2013 жылы 82 % қалыптасады.



3 кесте
Жергілікті бюджеттің 2009 -2013 жж. табыстары мен шығыстары, млн. теңге.


Табыстар мен шығыстар

2009 ж.

2010 ж.

2011ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 жыл

Жос

пар

Қаңтар- тамыз

Барлығы - табыстар

3043,4

3537,5

4677,7

5 668,4

5 307,3

6980,4

5 063,3

Оның ішінде:






















Жеке табыстар

612,3

868,4

936,9

877,6

951,6

1 007,8

690,1

бюджеттік кредиттер






















демеуқаржы және өзара есеп айырысу






















Қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, бюджеттік кредиттерді қайтару






















субвенция, субсидия, трансферттер

2431,1

2669,1

3740,8

4 790,8

4 355,7

5 972,6

4 373,2

Бюджеттің жалпы табыстарынан жеке табыстардың үлесі, %

20,1

24,5

20,0

15,5

17,9

14,4

13,6

Шығыстар барлығы

3027,5

3530,8

4658,4

5 679,7

5 296,7

7 094,5

4 609,5

ТКШ

1389,9

1456,5

2084,5

2 754,3

1496,6

1 764,0

898,0

Білім беру

1106,9

1297,8

1644,6

1 670,0

1 827,5

1 919,4

1250,6

мәдениет

134,1

175,5

193,2

210,5

223,9

260,4

162,5

Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт

0

0

1,5

1,5

1,3

0

0

Әлеуметтік саясат

132,9

153,7

170,6

198,9

212,2

226,8

124,1

басқалар

263,7

447,3

564,0

844,5

1 535,2

2 923,9

2 174,3

профицит, дефицит

15,9

6,7

19,3

-11,3

10,6

-114,1

444,8

Шахтинск қаласында қаржы – бюджеттік жағдайдың басты ерекшелігі бюджеттің демеу қаржылық жағдайы.



Шахтинск қ. SWOT ТАЛДАУЫ


Мықты жақтары

Әлсіз жақтары

  • 40 -50 жылдық кезеңге тас көмір қорының болуы;

  • Инженерлік инфрақұрылымды дамыту;

  • Бос жерлердің болуы,

  • Шағын және орта бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлардың болуы.

- тау - кен кәсіпорындарға тұрғындардың жұмыспен қамтылуға тәуелдігі жоғары болуы;

- тау - кен кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдеріне қалалық бюджеттің тәуелділігі жоғары болуы және салық базасының қысқаруы ;

- білікті инженерлі – техникалық жұмыскерлердің жетіспеуі.


Мүмкіндіктер

Қауіптер

Қолданыстағы өндірістік аулаларға өсім нүктесінің бағдары:

  • Қарағанды машина құрылыс консорциумын іске асыру шеңберінде тау – кен құрылысын дамыту («Горные машины», «Курылысмет» ЖШС);

  • Көмірдің маңызды қор базасында көмір химиясының басымдығы;

  • Химиялық саланы дамыту негізінде экономиканы диверсификациялау («Монета Дитерджентс» ЖШС);

  • Қаланың туристік- реакрационды басымдығын әзірлеу және анықтау (минералды және дәрілі сулар, тарихи туризм, демалыс зоналары).

Тау- кен кәсіпорындары (ТКК):

  • Коммерсиялық қауіптер (ураның әлемдік рыногында баға коньюнктурасына тәуелділік, алтын және молибден);

  • технико-өндірістік қауіптер (өндірістік қауіптерді орындамау қаупі).

Жергілікті атқарушы органдар:

  • Салықтық емес көздерден салықтық мөлшерлемені өзгерту;

  • ТКК салықтық – есеп саясатын өзгертуге тәуелділік;

  • Қаржыландырудың бюджеттен тыс көзін жою (қаланың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту, қалалық арнайы іс- шараларады қоса қаржыландыру);

Тұрғындар:

  • ТКК тұрақты жұмысына тәуелділік.

Инфрақұрылым:

  • Тоқсан ішілік желілердің жоғарғы тозу дәрежесі (жылу- электр- және су құбырлары), кәріз желілерінің нысандары, тұрғын үй қоры, қаланың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары;

  • орталықтандырылған газдың жоқтығы; балалалар бақшасында орын жетіспеушілігі.



Шахтинск қаласының қаржылық жағдайын диагностикалау және әлеуметік- экономикалық ережесін талдау нәтижесінің қорытындылары. Қауіпті қатерлердің бірі тау- кен кәсіпорындарының коммерциялық қауіптері және инфрақұрылым қауіптері.

Тау- кен кәсіпорындарының және инфрақұрылым қауіптерін ауыстыру (осы нысандардың ескіруі), аудандардағы қолданыстағы инфрақұрылымды қайта жөндеу және аз- аздар ауыстыру.

Сонымен қатар, 2012 -2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасын тиімді іске асыру үшін алғашқы кезектегі шаралар болып шағын және орта бизнесті дамыту табылады, тұрғындардың жұмыспен қамтығандарының оңтайлы санын ұстау үшін кадрларды дайындау және қаладағы инфрақұрылым жобаларын іске асыру.

Шахтинск қаласының кешенді даму жоспарын іске асыру мынадай нарселерді көздейді: тұрғын үй- коммуналдық нысандарын кеңейту, қайта жөндеу, салу, шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру. Осы жоспармен қарастырылған іс- шаралар жиналып қалған мәселелерді шешуге ғана емес, аймақтың әрі қарай даму бағытын анықтайды.



  1. Қаланың бас жоспарын түзету.


Бас жоспар 2011 жылы әзірленген және 2012 жылы бекітілген. Бас жоспарды түзету қажеттілігі жоқ.



  1. бағыт. Шағын және орта бизнесті дамыту және экономиканы диверсификациялау.


1. Қала экономикасын ұзақ мерзімді диверсификациясы үшін инвестициялық «зәкірлі» жобаларды іске асыру.

1. «Жылыжай кешенің салу» жобасы «GoGreen. kz» ЖШС финдік технология бойынша салат өнімін өсіру, өнім сапасына инновациялық бағыт, торф бар ыдыста салат өнімі өсіру.

Жоба құны – 1,2 млрд. теңге,

50 жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Өндірістік қуаттылығы: жылына 5,0 бума.

«GoGreen. kz» ЖШС жылыжай кешеніне қызмет көрсету үшін және салу үшін 20 жылға ұзақ мерзімді уақытша пайдаланумен 1,96 га жер телімі берілген.

«КазАгроФинанс» АҚ осы жобаны қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру туралы хат жолданған. «КазАгроФинанс» АҚ қаржыландырудан бас тартқан. Осыған байланысты, жоба басшылығымен жылыжай кешенің салу 2016 жылға жоспарланған.
2. «Казстроймарт 2050» ЖШС жобасы.

2015 жылдың 4 маусымында «Еңбек-Қарағанды» РМК №41 филиалының тұрып қалған қуаттылығы базасында кеспе тас, құрылыс материалдары, оқшау шаң әзірлеу» жобасының ресми ашылуы болған.

Жобаны іске асыру мерзімі 2014 – 2015 жылдар.

Жоба құны – 499,0 млн. теңге.

Жоба 118 жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлаған.

Басшы: Федотова Юлия Вячеславовна.

Жоспарлық қуаттылығы - Брусчатка-102960 м.кв, блоки фундаментные-4400 дана, инерттік шаң -4160 тонна.

Жобаның ағымдық жағдайы: «Моноқалаларды 2012 – 2020 жылдары дамыту» бағдарламасының шеңберінде Өнірлік үйлестіру кеңесімен мақұлданған.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 37/04 қаулысымен екінші бес жылдықтың Өңірлік картасына «Еңбек-Қарағанды» РМК №41 филиалының тұрып қалған қуаттылығы базасында кеспе тас, құрылыс материалдары, оқшау шаң әзірлеу» жобасы енгізілген. 2015 жылдың 4 шілдесінде жоба іске қосылған.
2. Моноқалалардың тапсырыстарының спецификасын есепке ала отырып Халықаралық холдингтермен, көмекші кәсіпорындарда орналастыру.
«Курылысмет» ЖШС № 2 өндірісі «АрселорМиттал Темиртау» АҚ – шағын механизацияланған және стандартты емес зауыт (НОММ - зауыты) құрылымының бірі болып табылады.

Зауыттың қызметі Көмір департаменті «АрселорМиттал Темиртау» АҚ қаңағаттандыруға бағытталған.

Зауытта 5 цех қызмет етеді: №1-механикалық, №2- жөндеу, №3- арматура шығаратын цех, №4- металлоконструкция цехі, №5-жаңа техника және инструмент цехі.

2009 жылдың шілде айында № 6 тау – кен шахталы жабдық цехі қолданысқа берілген. Шығарылатын өнім номенклатурасы 230 өнім атауларын құраған.

2011 жылы кәсіпорынмен Болгарияда шығарылған жабдық сатып алынған, негізінен: СU-500, С-10Т маркалі токарлық станоктар, сонымен бірге «Кристал»-3,2 фирмасының газ кесуші машинасы сатып алынған.

Жоғарыда аталған жабдықты сатып алу тау – кен шахталарының жабдығын жөндеу саласын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Экономиканы және кәсіпкерлікті дамытуды әртараптандыру шеңберінде 2015 – 2017 жылдары литейлі – термикалық бөлікті салу жоспарлануда.

2011 жылдың наурыз айында Шахтинск аймағында «Айсулу ШТК» ЖШС кәсіпорыны өз жұмысын бастады, ол арнайы киім тігумен айналысады. Бұл шеберханада – 15 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс қуаттылығы жылына 94 мың бірлік.

2011 жылдың қараша айында «АрселорМиттал Темиртау» АҚ кәсіпорындарымен жұмыскерлерге қолғап тігуге келісім – шарт жасалған.

Сонымен қатар 2011 жылы темір бұйымдарын жасайтын кәсіпорын «Шахтинск металлоконструкция зауыты», «АрселорМиттал Темиртау» АҚ алғашқы өнімді, негізінен пружины фильтроохлаждения и реперные станцияны жеткізу бойынша келісім – шарт жасалған.


3. Шағын және орта бизнесті дамыту
Моноқалалардың өндірісі екі ірі кәсіпорынмен ұсынылған, екі ірі кәсіпорын, бір орташа кәсіпорын және он бес шағын кәсіпорындарымен ұсынылған, кешенді даму жоспарын іске асыру 2020 жылға өндірістік кәсіпорындар санын «Синтетикалық жуғыш заттарды өндіру бойынша зауытты реанимациялау - «Монета Дитерджентс» ЖШС жобасының және 14 шағын кәсіпкерлік жобаларының арқасында 3 ірі өндірістік жобасына дейінг өсіруге мүмкіндік береді.

Тау – кен кәсіпорындары шахта «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин атындағы» 4 шахтамен ұсынылған, олар «АрселорМиттал Темиртау». АҚ құрылымдарының бөлімшелеріне кіреді.

Кешенді жоспарды іске асырудың екінші кезеңінде (2012 – 2016 жылдары) жоспарланған:

№7/9 «Тентекская» шахтасын салу (көмір, коксті концентрат, энергетикалық концентрат). Инициатор – АО«АрселорМиттал Темиртау» АҚ. Жоба құны АҚШ- тың 235 млн. долларын құрайды.

Қайта өндеу өнеркәсібі екі орташа кәсіпорынмен және 10 шағын кәсіпорынмен ұсынылған.

Қаладағы азық - түлік өнеркәсібін ұсынатындар:

- «Апрель Кулагер» ЖШС – ет өндеу және шұжық өнімдерін өндіру кәсіпорыны;

Сонымен қатар, 2015 – 2016 жылдары «Апрель - Кулагер» ЖШС кәсіпорындарымен жабдықты жетілдіру, негізінен тоңазытқыш камераларын, «Робот - 500» шприцтерін,КН – 23 клипсатырларын және арнайы техника сатып алу, ол өнімді қайта өндеу сапасын жақсартады және шұжық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтады.
«Қыша майын өндіру» Лобов В.М жобасын іске асыру. Өндіріс қуаттылығы жылына 30 тонна май.

2012 жылы осы жоба Индустриализация картасына енгізілетін болады. 2011 жылы тұқым егу үшін кәсіпкерлерге жалпы аумағы 1000 га болатын жер телімі берілген. Бірақ, осы жер телімі ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға жарамайтын болғандықтан, жоба басшысымен Плаховка кентінің аумағында орналасқан жер телімін жалға алуға «Альдеран» ЖШС келісім- шарт жасалған.

2013 жылы 175 тонна дәнді – дақылдандар егін жиналған. Жалпы 3,9 млн. теңге сомаға 15 тонна дәнді дақыл өндірілген.


  1. жылы осы жоба жобалық қуаттылыққа шыққан.

- Нақты мағынада 30 тонна немесе жоспарға 100 %;

- қолданыстағы бағада – 7,8 млн. теңге немесе жоспарға 100 %;

2014 жылы жоспарлық қуаттылықты игеру - 100 %.
Құрылыс саласы
Шахтинск аймағында құрылыс саласын ұсынатын кәсіпорындар: «DUVAER» ЖШС; «Карағанды кірпіш зауыты» ЖШС; «Inter invest group» ЖШС; «Савенков ЖК.

«DUVAER» ЖШС шағын кәсіпорын, жұмыскерлер саны 50 адамға дейін, Шахтинск аймағының шаруашылық субъектілерінің статистикалық регистрінде тіркелген, бірақ зауыт Саран қаласында орналасқан.

2012 жылы арнайы техника паркін кеңейту мақсатында кәсіпорын басшылығымен «Погрузчик» сатып алу жоспарлануда, яғни ол өнімді тасымалдау уақытын қысқартады.

Осыған байланысты, кәсіпорынның өндірістік аумағы көктемгі – жазғы мезгілде ғана өнім шығаруға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді, «DUVAER» ЖШС басшылығымен 2012 жылдың маусым айынан бастап өндірістік аумаққа жөндеу жүргізу жоспарлануда, яғни шатырды жөндеу, шатыр жөнделетін болса өнім шығару көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Карағанды кірпіш зауыты» ЖШС- кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді. Өндірістік қуаттылығы жылына 12 млн. дана кірпіш шығарады.

Бүгінгі күні басшылық ауысуына байланысты және құрылтайшылық құжаттардың қайта тіркелуіне байланысты «Карағанды кірпіш зауыты» ЖШС жұмысы уақытша тоқтатылған. Кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіру 2012 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Өнім шығару рыногын кеңейту барысында кірпіш шығару өндірісін 400 млн. данаға өсіру мүмкіндігі бар.

Зауыт толық өндіру циклі бар кәсіпорын болып табылады. Заманауи туркиялық жабдықпен, вакумдік преспен, кескішпен, кептіру камерасымен және кірпішті күйдіру бойынша пешпен жабдықталған.

2013-2014 жылдары шығаратын өнім түрлерін көбейтуді жоспарлауда, ол өнім көлемін өсіруге мүмкіндік береді.

«Inter invest group» ЖШС құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын (шлакоблоктар, бордюр, жаяу жүргіншілер жолының плиткалары), жұмыскерлер саны 25 адам.

2013-2014 жылдары шығаратын өнім түрлерін көбейтуді жоспарлауда, ол өнім көлемін өсіруге мүмкіндік береді.



Савенков А.А. ЖК кәсіпорынның негізгі қызметі бетон плиткасын, жаяу жүргіншілер жолының плиткаларын шығару болып табылады.

Өндірісті өсіру Савенков ЖК кәсіпорындарында шахтинск қаласын абаттандыруға қатыстыру есебінен жаяу жүргіншілер жолының плиткаларын шығару есебінен жүзеге асады.



Металлургиялық сала.

Осы сала «Курылысмет» ЖШС, №2 өндіріс; «Шахтинский завод металлоконструкций» ЖШС; «ТемирЛайн» ЖШС; «Ак Тобе К.Т.» ЖШС кәсіпорындарымен ұсынылған .

2012 жылдың 1 қаңтарына дейін «Курылысметт» ЖШС, №2 өндіріс «АрселорМиттал Темиртау» АҚ – стандартты емес жабдық және шағын механизация зауыты (НОММ - зауыты) кәсіпорындарының құрылымы болып табылады.

Зауыттың қызметі «АрселорМиттал Темиртау» АҚ қола және көмір департаменті кәсіпорындарының қаңағаттанарлық пайдалануына бағытталған. Көмір өндіруде пайдаланылатын барлық техника негізінен НОММ зауыттарында жөнделеді.

Зауытта 5 цех қызмет етеді: №1-механическалық, №2- жөндеу, №3- арматура шығаратын цех, №4- металлоконструкция цехі, №5-жаңа техника және инструмент цехі.

2009 жылдың шілде айында № 6 тау – кен шахталы жабдық цехі қолданысқа берілген. Шығарылатын өнім номенклатурасы 230 өнім атауларын құраған.

2011 жылы кәсіпорынмен Болгарияда шығарылған жабдық сатып алынған, негізінен: СU-500, С-10Т маркалі токарлық станоктар, сонымен бірге «Кристал»-3,2 фирмасының газ кесуші машинасы сатып алынған.

Жоғарыда аталған жабдықты сатып алу тау – кен шахталарының жабдығын жөндеу саласын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Экономиканы және кәсіпкерлікті дамытуды әртараптандыру шеңберінде 2015 – 2017 жылдары литейлі – термикалық бөлікті салу жоспарлануда.

«ТемирЛайн» ЖШС металдық өнімдерді шығаратын кәсіпорын, 20 – дан астам жұмыскер жұмыспен қамтылған.

"ТемирЛайн" ЖШС келесі бағыттардағы металдық өнімдерді шығарумен айналысады:

1. Темір есіктерді, қақпа, темір торларды шығарару және орнатумен.

2. "ВУЛКАН" тұрмысқа қажетті темір қазандықтарын жасайды.

3. Дәстүрлі темір қазандықтарды дайындайды.

4. Жылу радиаторларын және темір тіркегіштерді дайындайды.

5. Шағын сәулет нысандарын, ғимарат кіре берісін, саябақ қоршауын дайындау және безендіру.

2012 жылдың қаңтарында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде «ТемирЛайн» ЖШС металды кесу үшін «Плазморез» жабдығы сатып алынған – дистанциондық басқару бағдарламасы, ол кәсіпорынның уақытын үнемдейді және шығаратын өнім түрлерін өсіреді.

Бүгінгі күні өндірістік аумақты өсіру мақсатында қосымша цехтерді салу бойынша құрылыс жүргізіледі.

«Металлообработка, производство прямошовных круглых и профильных труб «Ак Тобе К.Т.» ЖШС жобасын іске асыру. Жобаның жалпы құны 75,0 млн. теңге. Жобаны іске асыру мерзімі – 2013 -2014 жылдар. Осы жобаны іске асыру 15- 20 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

«Ак Тобе К.Т.» ЖШС кәсіпорындарында штрипсті дайындау бойынша (құбырларды дайындау) жабдығы бар. – «Линия продольной порезки металла».

Қаржыландыру мәселесі бойынша қазіргі уақытта инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Жихаз жасаумен 2 шағын бизнес субъектілері жүзеге асырады олар: «АльМин» ЖШС және «Степанович» ЖК, кәсіпорын корпусты жихаз және ағаш өнімдерін жасайды, олар өндірістік аумақты ұлғайтуды және жеке өндірістері үшін жабдық сатып алуды жоспарлауда. Бұл өндіріс көлемін өсіруді және қосымша 12 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Электрэнергиясын, газды және суды таратумен және өндірумен «Шахтинская ТЭЦ» ЖШС ірі кәсіпорындары айналысады.

2013 -2016 жылдары «Шахтинская ТЭЦ» АҚ дамыту және қайта жөндеу, құны 32 млрд. теңге.

Бүгінгі күні негізгі қиындықтың бірі инвесторлардың жоқ болуы.
Туризм
Аймақта туризмді дамытудың негізгі бағыты болып спорттық туризм (жаяу жүргінші, спорттық бағдар, спорттық өрмелеу) болып табылады, мәдени – танымдық туризм, оның дамуына аймақтағы «Долинка кентіндегі саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК септігін тигізуде, оның аумағы 3 500 шаршы метрді құрайды. Кешендік зерттеулер негізінде тарихи – мәдени ақпаратты тасымалдаумен және шоғырлану үдерісін ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етумен, жүйелеумен, Карлаг ескерткіштерін зерттеу және сақтау, аймақта өмір сүретін халықтың моралды басымдығын әйгілеу, бұқара халықты Қазақстанның аумағында орналасқан концлагер құрбандарын мәңгі есте сақтауды жүзеге асырумен мұражай айналысады.

Шахтинск аймағының аумағында 5 тарихи ескерткіш бар:

«Бұрынғы Карлаг басқармасының ғимараты»,

«Техника үйі»,

«Әйелдер зонасының барактары»,

«Поликлиника для вольнонаемных служащих»,

«Мамочкино кладбище».

ТМД елдері үшін тарихи – мәдени туризмі басым қызығушылық тудырады.



3 БАҒЫТ. Шахтинск қаласының инфрақұрылымын дамыту.


  1. Инженерлік инфрақұрылым.

Қалада, қала ішілік жолдар желісі, өндірістік шекаралы жолдары және кенттермен және өндірістік шекарамен байланыстыратын жолдары бар. Шахтинск қаласында жолдардың жалпы ұзындығы – 46 км құрайды, оның ішінде асфалть жабындылы жолдар – 28,4 км.

Оның ішінде:

Қаңағаттанарлық жағдайда – 20,9 км.

Қаңағаттанарлықсыз жағдайда – 7,5 км.

Жабындылардың ескіруі 61,7 % құрайды.




1.1 Жылумен және сумен қамту.
Шахтинск қаласында жалғыз жылу көзі болып «Шахтинстеплоэнерго» ЖШС табылады.

Бүгінгі күнгі жағдай бойынша АҚ жұмысына тартылғандар:



  • 3 энергетикалық қазандық БКЗ-75-39 ФБ ст. № 1,3,4, сағатына 75 т пар шығарады.

  • 2 турбоагрегат ПР-6-35/5/1,2 ст. № 1,2. қуатылығы 6 МВт.

  • Орнатылған энергетикалық қуаттылығы: 18 МВт

  • Орнатылған электр қуаттылығы: 11,9 МВт

  • Орнатылған жылу қуатылығы: 141,6 Гкал/сағ.

  • Ішкі тұтынудың мұқтаждығына жұмсалатын орнатылған жылу қуаттылығы: 113,5

Гкал/сағ 1.06.12жылы АҚ 505 тұтынушыдан орталық жылуға қосу туралы өтініш келіп түскен, жалпы жылу қуатылығы 55 Гкал/сағ. Жылу энергиясын есептеу жабдықтарымен жабдықталу:

- мемлекеттік ұйымдар – 100 %;

- коммерциялық ұйымдар– 71%;

- тұрғын үйлер – 50 %.

Қалада жылу желілерінің ұзындығы 114,2 км, ескіру 83% құрайды.

Орталықтандырылған жылумен тұрғындарды сапалы және тұрақты қамту мақсатында жылу желілерін жөндеу және қайта жөндеу жүргізілген.

Шахтинск қаласын сумен қамтитын: Котурский водозабор, қуаттылығы тәулігіне 25 мың м3. Тұрғындардың суға тәуліктік қажеттілігі 10 мың м3.

Сумен қамту жабдықтарымен қамтылғандар:

- мемлекеттік ұйымдар – 100%;

- коммерциялық ұйымдар – 42%;

- тұрғын үйлер – 18%.

Су желілерінің ұзындығы 91,7 км, ескірі 80% құрайды. Тұрғындардың орталық сумен қамтуға қажетілігі 99% құраған.

Кәріз желілерінің ұзындығы 132,74 км, ескіру 88% құраған. Қалада ластайтын заттардың рельефі бар, осының салдарынан тазалау құрылғылары 99 % қатты ескірген.
1.2 Электрқуатымен қамту.
2010 жылы электр желілерінің жалпы ұзындығы 295,4 км құраған. Ескіру дәрежесі 75% құраған.
1.3 Газбен қамтылу.
Қалада және кенттерде газбен қамтылу келесі кәсіпорындардың газды тұрмыстық баллондарды әкелу арқылы жүзеге асырылады:

- «Алаутрансгаз» АҚ телімі;

- УГХ «Карагандагазсервис» ЖШС телімі;

- «Газойл» ЖШС телімі;

- «Газкызмет» ЖШС телімі.


    1. Тұрғын үй қорының жағдайы.

Қалада тұрғын үй қоры 292 үймен ұсынылған.



3 кесте.

Шахтинск қаласының тұрғын үй қорының негізгі көрсеткіштері.




Көрсеткіштері

өлш. бірлік

01.05.2012 жылға




Барлық тұрғын үйлер саны, оның ішінде:

үй

292

1

Тұрғын үй қорының жалпы аумағы

м2

763 000

2

Жалпы тұрғын үй қорының жалпы аумағы







3

Су құбырларымен

%

95

4

Кәріз

%

92

5

Орталық жылу

%

82

6

Газбен

%

0

7

Ыстық сумен

%

0

Тұрғын үй инфрақұрылымының қиындығының бірі үй алуға кезекте тұрған тұрғындар санының көп болуы және тұрғын үй құрылысының жеткіліксіз көлемі, осыған байланысты тұрғын үй құрылыс көлемін өсіру қажет.









Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет