Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев еліміздегі университет оқытушыларының жалақысы соңғы үш жылда қанша теңгеге өскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: standard.kz

Комитет төрағасы Әділет Тойбаев университет оқытушыларының жалақысы жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті.

“Соңғы үш жылда еліміздегі оқытушылардың жалақысы өсті: 2021 жылы жалақы орташа есеппен 222 549 теңгені, 2022 жылы – 369 357 теңгені, ал 2023 жылы – 426 472 теңгеге жетті. Бұл шаралар оқытушылардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың кәсіби өсуін ынталандыруға және біліктілігін арттыруға бағытталған”, — деп айтты комитет басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда педагогикалық дипломы жоқ мамандарға да мектептерде сабақ өтуге рұқсат берілетіні туралы хабарлаған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.