Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Белгілі кәсіпкер Беркінбаев Қайрат осыдан екі жыл бұрын дүние салған еді. 

“Бірге жетеміз деген қанша жоспар, қанша мақсат, қанша арман қалды… Бізді қолдап, қорғап жүретініңді білемін. Жатқан жерің жайлы болсын! Алматыға жиі келемін. Бір жағынан жүрегім тынышталады. Анам осында, Қайрекем Алматыда жерленген. Бүгін құран бағыштап, бейітінің жан-жағын тазалап кеттім. Жаны тыныш болсын", – деп жазды журналист. 

  • Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақырды

  • Қазақстандық олимпиада чемпионы 27 жасында өмірден өтті

Айта кетейік, қыз-келіншектерге арналған форумда тележурналист күйеуі туралы естелік айтып, сахнада жылап қалған еді. Ол жерде медиа маман отбасы, бала-шағасы бар келіншектерге үндеу жасап, әр бақытты күні үшін шүкір ету керегін еске салды.  

“Әркім өз миссиясын тапсын, әркім өзіне ұнайтын іспен айналыссын. Ал отбасы бар, алдында бала-шағасы жүгіріп жүрген қыз-келіншектер шүкір деңіздер. Сіздің жағдайыңызға жете алмай жүрген қаншама адам бар", – деді Ләйлә Сұлтанқызы. 

Еске салайық, журналист оқырман қауымға туып-өскен қара шаңырағын көрсеткен еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.