Таразда аурухана басшылары 758 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Тараздағы көпбейінді аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен есепшісін ұстады. Бюджет қаржысын жымқырған қос күдікті қамауға алынды. Алайда антикор ірі көлемдегі ақшаның қалай ұрланғаны туралы ақпаратпен бөліскен жоқ. Күдіктілерге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
“Келтірілген шығын 758 млн теңгеден асады. Сот санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.