Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Дзюдодан қазақ қыздары арасындағы әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші орынға тұрақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді. 48 келі салмақта сынға түсетін балуан олимпиадалық рейтингте 4576 ұпаймен 3-орында тұрса, 1-орында 5945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орында 5200 ұпаймен Нацуми Цунода тұр. Ал әлемдік рейтингте  Әбиба 5184 ұпай жинап, бір сатыға көтерілген. 

"Антальядағы қателікті олимпиадада жібермеуге тырысамын": Әбиба Абужақынова Grand Slam турниріндегі қателігі туралы

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде үздік үштікке енді. Ол соңғы рет Антальяда өткен Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.