TEZ.KZ туроператоры өз қызметін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бұл туралы "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлады.
TEZ.KZ туроператорынан саяхат сатып алып, қазір шетелде жүрген 300-ден астам турист бар екені анықталды. "Туристік Қамқор" қоры туристердің елге қалай және қашан оралатынын түсіндірді.
"Барлық туристер Қазақстанға туроператордың кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражаты есебінен қайтарылады. Кепілдендірілген елге қайтарудың жалғыз талабы туристік кодының болуы. Туристерге туристік өнімде көрсетілген келу күндеріне сәйкес Қазақстанға қайту билеті беріледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 2016 жылдан бастап туроператор жүзеге асыратын әрбір турда міндетті түрде туристік код болуы керек. Туристік кодтың жарамдылық мерзімі Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен кезден басталады. Туристік код туроператор өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, қазақстандықтардың елге оралуына кепілдік береді.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.