Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының кадрлары қазақстандықтарды үрейлендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан скрин
Желіде жүктелген видео астына:
"Қорқынышты түс? Жоқ, бұл Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы", — деп жазды автор.
"Қарасай жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауырып жатқан балалар қандай жағдайда екенін қараңыз. Бір дәретхана және 80 адамға арналған бір раковина.Түсірілім қорқынышты фильмнің үзіндісі сияқты", — делінген бейненің сипаттамасында.
Астында жазылған пікірлерден қазақстандықтардың медициналық мекеменің жағдайына наразылығын байқауға болады. Ал Қарасай ауданының тұрғындары аурухана бірнеше жылдан бері осындай күйде деп жазып жатыр.
Көпсалалы орталық аудандық клиникалық аурухана хабарлауынша, Қарасай ауданының орталық ауруханасы 1938 жылы салынған.
"Жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ескі корпус биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін босатылды. Жұқпалы науқастар санының өсуіне байланысты осы үй-жайларды уақытша пайдалануға мәжбүр болдық. Жағдай тұрақталғаннан кейін пациенттер басқа бөлімшелерге жататын болады", — деп хабарлады аурухана әкімшілігі.
Бұғана дейін Атырауда аурухана науқасқа ота үшін өз құрылғыларын алып келуді ұсынғанын жазған едік.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.