Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге жасаған соққылары туралы көзқарасын білдіруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ АҚШ пен Ұлыбритания шабуылынан отандастарымыз зардап шеккен жоқ па деген журналист сұрағына Айбек Смадияров Йемен консулдығында тіркелген қазақстандықтар мүлдем жоқ екенін айтты.
Йемендегі консулдық есебінде бірде-бір қазақстандық тіркелмеген. Сол себепті зардап шеккен азаматтар турады ақпарат та жоқ, деп түсіндірді ол.
2024 жылғы 12 қаңтарда АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге қарсы операция бастағаны белгілі болды.
Ұшақ, кемелер мен сүңгуір қайықтардан зымырандармен шабуыл жасалды.
Хуситтердің қарулы күштері өкілі Яхья Сарияның мәліметі бойынша, АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге 73 соққы жасады. Бес хусит сарбазы қаза тауып, алтауы жарақат алды.
АҚШ президенті Джо Байден хуситтер Қызыл теңіздегі шабуылды тоқтатпаса біз де бомбалауды тоқтатпаймыз деп мәлімдеді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.