Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев экс-министр Қуандық Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін деген қазақстандықтардың уайымына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Астана қаласы ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Алқабилерге пара беріп, шешімді әділетсіз шығаруы мүмкін деген алаңдаушылықты Шыңдалиев сейілтуге тырысты.
"Бишімбаевқа қатысты сот объективті болады. Бейтарап. Сот ашық өтіп жатыр. Барлығы объективті болады", – деді бас прокурордың орынбасары мәжіліс сыртында.
Әсет Шыңдалиев алқабилердің объективтілігіне кім кепілдік бере алатынын түсіндірді.
"Алқабилердің көздегені болса, ол үшін жауапкершілік бар. Мұндай фактілер анықталса, алқабилерді таратуға мүмкіндік бар", – деп атап өтті ол.
- Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? Сот процесі туралы сұрақтарға жауап береміз
- Қазақстанда алқабилер енді судьялардың ықпалынсыз шешім қабылдайды
Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаевты ешкім қорғап жатқан жоқ.
Шыңдалиев журналистердің Бишімбаевқа қатысты сот процесінде сот залына кіргізілмегеніне қатысты түсініктеме берді.
"Соттағы тәртіпті қамтамасыз ету керек, өйткені бұл "ток-шоу немесе телешоу емес", – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін сот Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Басты сот 27 наурызда өтеді.
Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.