Депутат Елнұр Бейсенбаев 14 ақпанды тойлауға тыйым салуды талап етуде. Ол осыдан 19 жыл бұрын “валентинкаларды” (ашық хат) өртеп жіберу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/elnurbeisenbai
Ол кезде Елнұр Бейсенбаев алматылық "Болашақ" жастар ұйымының жетекшісі болған еді. Депутат әулие Валентин күніне қатысты ойы әлі де өзгермегенін жеткізді.
“Сол кездері мектепте арнайы жәшіктер қойылып, оқушылар бір-біріне хат жазатын. Олар- кәмелет жасына толмағандар. Әрине, бұл нонсенс. Біз бұл туралы да айтқанбыз. Кейін мұндай жағдайлар қайталанбайтын болды”, – дейді депутат.
Ол адамдардың бір-біріне сезім білдіре алатынын айтты. Алайда мектеп оқушыларының ашық хаттарды буллинг жасау үшін де қолданатынын да ескертті.
“Бұл ешқандай мереке емес. Бұл күнді мәңгілікке ұмытыу керек”, – деді Елнұр Бейсенбаев.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.